1- тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 1- тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар
04
декабрь
2023

1- тоқсан бойынша атқарылған жұмыстар

  1. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар
Тәрбиедегі ақаулық, жазалаудың басымдылығы, балада эмоциялық тұрақсыздықтың дамуына, эмоциялық қимыл-қозғалыс деңгейінің жоғарылауына әкелетіні жиі кездеседі. Ата-аналардың тым қаталдығы, олардың өз беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау – жасөспірімдерге кері әсерін тигізеді. Көктем, күз мезгілдеріндегі, яғни «құс қайтып, құстар келер» кезеңдеріндегі табиғат құбылысы да адам ағзасына, әсіресе психикаға салмақ салып жатады. Осы тұрғыда білім алушылардың психологиялық ахуалын бақылау, психологиялық түзету жұмысының бағдарламасы әзірленді. 
Білім алушылармен жүргізілетін жұмыс барысы
І кезең:
Диагностикалау –тест, сауалнамалар
Бақылау – тәртібі мен оқу үлгерімін, әлеуметтік қатынастарын назарда ұстау
ІІ кезең:
ІІІ кезең:
Консультациялық -қажет болған жағдайда– қосымша медициналық көмек, әлеуметтік көмек, құқықтық көмек алу үшін мамандарға бағыттау
Ікезең:
Психологиялық алдын алу және  ағарту –жеке кеңес – профилактикалық жұмыстар, психокоррекциялық тренингтер.
Психологиялық түзету-дамыту – жеке диагностикау және түзетужеке кеңес - психокоррекциялық жұмыстар
 Білім беру ұйымының бес маманы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс жасайды:
Педагог-психологӘлеуметтік педагогтың мәліметтері 
Мектеп директорының ТІЖО немесе инспекторының мәліметтері Сынып жетекшінің талдауы
Педагог ұйымдастырушы
білім алушылардың психологиялық ахуалын қадағалау 
(оқушылардың әлеуметтік  және отбасылық жағдайлары)
(Мектеп директорының ТІЖО немесе тіркеуде тұрған отбасылар мен оқушылар тізімі)
(Оқушылардың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын талдау: instagram, VK, facebook, tik-tok, twitter; оқуда, тәртібінде өзгерулерді бақылау)Білім алушыларды түрлі шараларға тарту
    Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жоспар құрылып сол жоспар негізінде төмендегідей жұмыстар атқарылды:
   Аутодеструктивті  мінез-құлықты білім алушыларды анықтау мақсатында педагогтарға семинар  тренинг өткізілді.Қыркүйек айында 5-8 сыныптардан «Өмірді сүйе білейік» 9-11 сыныптардан «Мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында эссе жазылып,қорытындысы шығарылды.Сенім жәшігі және сенім телефондары,қызу желі жұмыстары бойынша түсінік жүргізілді.
   Құқық бұзушылық,зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және жыныстық сипаттағы сауалнамалар жасырын түрде алынып қорытындысы шығарылды. «Өмірді сүйе білейік», «мен өмірді таңдаймын!» тақырыбында профилактикалық сабақтар өткізілді.
   Желтоқсан айында «Ағаш» әдістемесі  алынды,қорытынды шығарылды
Интернет сайттарында келеңсіз жағдайларға насихаттайтын топтарға кіретін оқушыларды анықтау мақсатында қазан айында сайт мониторинг жүргізілді.
Түзете-дамыту бағытында қорқыныш сезімінен арылуға және өз-өзіне деген сенімділікті арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар, баланың отбасындағы қарым-қатынасы мен эмоционалдық күйін диагностикалау және түзету-дамыту жаттығулары «Отбасы суреті»  әдістемесі, агрессияға қарсы жаттығлар, тұлғалық ерекшеліктерді дамыту жаттығулары,
аутодеструктивті мінез-құлықтың (суицидке бейімділік) алдын алуда психокоррекциялық сабақтар:
«Пікірталас – жанжал емес»
«Ашу-ыза билегенде не істеу керек?»
«Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту»
«Мен өзімді мақтай аламын»
«Күйзелістен қалай құтылуға болады?»
«Реніштен арылу»
«Ой, сезім, мінез-құлық»
«Қалай сұрауға болады?»
«Менің құқықтарым»
«Қиын жағдайлардан не үйненеміз?»
«Толеранттылық (төзімділік) деген не?»-тақырыптарында өтілді.Ата-аналармен, оқушыларменжәнепедагогтармен онлайн кездесулерөткізілді. Осы жұмыстар нәтижесінде, мектеп ата-аналарымен «Кәсіби бағдарлау бойынша психологиялық алдын алу және ағарту, психологиялық кеңес» тақырыбында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Жан шуағы» психологиялық орталық мамандары тренинг өткізді. Ата-аналар арасында тақырыпқа байланысты туындаған сұрақтарына жауап алды.  «Тұлғаның жабығу сәтіндегі өз мінез-құлқына баға беру» әдістемесінің   интерпретациясы. 
Қатысқаноқушылар саны-150
СыныптарҚатысқан оқушылар саны%
17 сынып3525%
28 сынып3121%
39 сынып4127%
410 сынып2114%
511 сынып1812%
Жүргізілген әр психокоррекциялық сабақтар барысында топтағы әрбір баланың психологиялық ахуалын сынып жетекшісі бақылап, жабырқаңқы көңіл-күйі анықталған білім алушыны педагог-психологқа сұраныс парағы бойынша хабардар етіп отырды. Осы ақпарат негізінде педагог-психолог күйзелісте жүрген балаға жеке диагностика жүргізіп, күйзеліс деңгейін анықтап коррекциялық жұмысты жалғастырып отырды. Әр жеке кеңес хаттама арқылы құжатталады. Жоғарыда көрсетілгендей кезеңмен жұмыс жүргізілді.
Ағартушылық бағытта  «Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері», «Баланың мектепке баруға байланысты туындайтын қиындықтар», Адам-өміріндегі әуенді терапия (адам-өмірінде әуенді терапия туралы ақпарат беру), «Мектеп, оқушы, ата-ана: ынтымақтастық қырлары", «Бала өміріндегі жәбірлену",  «Ата-ананың мектептегі алатын орны", тақырыптары бойынша дәрістер жүргізілді.   
Консультациялық бағытта жеткіншектерге психологиялық кеңес, -жеткіншекке жадынама; -өз-өзіңді қорғаудың 8-тәсілі тақырыптары бойынша жаднамалар берілді.
Ата-аналарға психологиялық кеңес:
1.         Адам қалай өзіне сенімді бола алады.
2.         Депрессиядан қалай арылуға болады.
3.         Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ алдында дайындау жөнінде ұстаздарға ұсынылатын кеңестер .
4.         Өзіңе сенімділік неден құралады (Луиза Хейдің кеңесі)
5.         Күйзеліс кезіндегі психологиялық көмек.
Қолайлы отбасылық атмосфера құру үшін, психологиялық кеңес:
-«Балаларды қайырымды етіп тәрбиелеу үшін?»;
-«Балаларды маскүнемдіктен қалай қорғауға болады?»;
-«Баланы есірткіден қалай қорғауға болады?»;
-«Баланы шылым шегуден қалай қорғауға болады?»;
-«Жасөспірім жастар жайында ата-аналар не білу керек?».
Ата-аналарға кеңес:
-«Баланы қалай тәрбиелеу керек?»
Ата-аналарға арналған ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар беру:
-«ҰБТ қарсаңында ата-аналар балаларына қалай қолдау көрсетуі тиіс?»;
-«Ата-аналарға ҰБТ-ға дайындық жөніндегі ұсыныстар»;
-«Суицидке кімдер бейім?»;
-«Жақындап келіп қалған суицидті қалай аңғаруға болады?»;
-«Депрессия»
Осы аталған тақырыптар бойынша үнемі кеңестер беріліп отырды.
SWOT-талдау
  • КҮШТІ ЖАҚТАРЫ
Психологиялық қызметтің жүйеленген ережесі негізінде іске асырылуы;
Білім алушылар психолог қызметін пайдалануда қызығушылық танытуы;
Ата-аналардың психолог қызметіне қызығушылық танытуы;
  • МҮМКІНДІКТЕР 
Мектепте психологиялық қызметтің жүруіне бар жағдай жасалынған;
Мектепте адамгершілік психологиялық ахуал жақсы жолға қойылған;
Психолог көмегін қажет етушілерге барлық мүмкіндік жасалған;
  • ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
Диагностикалау, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуде сабақтардан сұрап алу;
Жоспарланған жұмыстың көптігі;
Тұйық, өзін бағалауы төмен балаларды педагогикалық қолдаудың жетіспеуі;
  • ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР
Тұйық, ұяң, жабырқаңқы балалар     қатты қысылып ішкі сырларын бөлісуден бас тартуы;
Отбасында балаға жеткілікті көңіл бөлінбеу салдарынан баланың назардан тыс қалуы;