Лауазымдық міндет » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
март
2022

Лауазымдық міндет

7.Мектептің  педагог психологы С.Ахметоваға  лауазымдық міндеттері бекітілсін: 
7.1.Тәрбиесі мен оқыту процесінде оқушылардың  психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандығын сақтау бағытындағы кәсiби қызметiн жүзеге асыру;
7.2.Бала құқықтары конвенциясына сәйкес баланың жеке құқықтарының 
•          балалардың дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтау және оларға әртүрлі психологиялық көмек көрсету (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық) 
•          балаларға, ата-аналарға (оларды алмастыратын тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмектесу;
7.3. Әр түрлi бейiн, бағыттарда психологиялық диагностика жүргiзу;
7.4.Зерттеу материалдары бойынша оқушылардың,  жеке тұлғалық және әлеуметтiк дамуы проблемаларын шешу ісінде педагогика ұжымына, сондай-ақ ата-аналарға (заңды өкілдерге) бағдар беру мақсатымен психологиялық-педагогикалық қорытындылар әзірлеу;
7.5.Белгіленген форма бойынша құжаттама жүргізу және оны тиісті мақсатта қолдану;
7.6.Оқушылардың,  жеке және жас ерекшелiктерiн есепке ала отырып, бiлiм беру қызметi бойынша дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға, әзiрлеуге қатысу, олардың әртүрлi жағдайларда өз өмiрлiк және кәсiптiк тағдырын өзi шешуге дайын болу қабілетін дамытуға жәрдем ету;
7.7.Творчестволық тұрғыдан дарынды  оқушыларға  психологиялық қолдау көрсету,
7.8.Оқушылардың  дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарды (ақыл-ой, физикалық, эмоциональдық) анықтап, оларды психологиялық-педагогикалық түзету бағытында шаралар қолдану;
7.9.Оқушылардың,  педагогика қызметкерлерінің және ата-аналардың (заңды өкілдердің) психологиялық мәдениетін қалыптастыру;
7.10.мұғалімдердің,  оқушылардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) әлеуметтiк-психологиялық құзыретiн арттыру бағытында психологияны практикада қолдану мәселелерi жөнiнен кеңес беру;
7.11.Мектепте медициналық-психологиялық-педагогикалық консилиумның жұмысына басшылық ету.
7.12. Ата аналар кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын өткізуге, білім беру бағдарламаларында қарастырылған сауықтыру, тәрбие және басқа бағыттар бойынша жүргізілетін шараларға қатысу;
7.13.  ҰБТ-ге қатысатын оқушылармен жұмыс жүргізу;
7.14.  9,11 сыныптармен жұмыс жүргізу; 5-11 сыныптармен жұмыс жүргізу;
7.15.  1,5,10 сыныптармен бейімделу,қалыптасу жұмыстарын жүргізу;
7.16.Жаңартылған бағдарлама бойынша 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу;
7.17. Тәрбиесі қиындық тудыратын оқушылармен жұмыс жүргізу;
7.18.Жас мамандармен  жұмыс жүргізу.