ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БІРІНШІ ТОҚАН БОЙЫНША ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРЫНА ТАЛДАУ » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БІРІНШІ ТОҚАН БОЙЫНША ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРЫНА ТАЛДАУ
30
октябрь
2023

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БІРІНШІ ТОҚАН БОЙЫНША ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРЫНА ТАЛДАУ

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БІРІНШІ ТОҚАН БОЙЫНША ЖАСАҒАН ЖҰМЫСТАРЫНА ТАЛДАУ
Мақсаты:Білім беру ұйымдарында білім алушылардың табысты оқуы,дамуы, әлеуметенуі және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауын қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық- педагогикалық қолдауды жүйелі ұйымдастыру.
Міндеттері: 
1. Білім алушылардың  психологиялық денсаулығын сақтау,қолайлы әлеуметтік-психологиялық  жағдай жасау 
 2. Білім алушылардың репродуктивті денсаулығын және қауіпсіз мінез-құлқын қорғау                                                                                                                                                                                                                       3. Білім алушылардың тұлғалы және зияткерлік дамуына ықпал ету,өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі  дамыту қабілетерін қалыптастыру;
 4. Баланың жас ерекшелігіне байланысты, әрбір даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
5.Әрбір білім алушыға оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде жеке тәсілді қамтамасыз ету.
 6. Интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
 7. Психология ғылымының кейінгі жетістіктерімен таныс болып, өз іс-әрекетінде тек ғылыми негізделген әдістерді қолдануы керек.
 8.  Психологтың этикалық кодексін білуі керек және жұмыс барысында негізге алуы керек.
 9. Әртүрлі деңгейдегі мектеп ұжымындағы тұлғааралық  қатынастарға өз бақылауында ұстап, талдап, қажетті кезде түзету керек (мұғалім-әкімшілік, мұғалім-мұғалім, мұғалім-білім алушы, білім алушы-білім алушы).
 10. Диагностикалық жұмыстың негізінде алынған мәліметтерді ешкімге жарияламауы керек.
 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
Білім беру жүйесін сүйемелдеу
Білім алушылар, ата-ана, педагогтар сұранысы бойынша жұмыстар
Педагогтар мен 
ата-аналардың өзара қызметі
Білім алушылармен
жұмыс
Білім алушылар,
ата-ана, педагогтарға жеке кеңес жүргізу
Психологиялық диагностикалау 
(бақылау, сауалнама, тестілеу)
Психологиялық ағарту, алдын алу шаралары
Психологиялық түзету
Жеке 
Топтық 
Оқу жылдары2023-2024
Білім алушы саны303
Ата-ана саны182
Педагогтар саны37
Психологиялық сүйемелдеу білім алушылар, ата-ана, педагогтар сұранысы бойынша жұмыс бағдарламасы аясында төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Диагностикалық бағыт оқытудың бүкіл кезеңі ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және топтық қызметін, психологиялық-педагогикалық зерделеуін, олардың жеке ерекшеліктері мен бейімділіктерін, оқыту және тәрбиелеу процесінде, өзін-өзі кәсіптік тұрғыдан айқындауда әлеуетті мүмкіндіктерін айқындауды, сондай-ақ оқытудағы, дамудағы, әлеуметтік бейімделудегі бұзушылықтардың себептері мен тетіктерін анықтап зерттейді.
Білім беру саласында педагогиканың негізі психологияда десек қателеспейміз, себебі бүгінгі таңда балалардың психологиялық денсаулығы өзекті мәселе. Осыған байланысты балалардың онтогенездік дамуының барлық кезеңдерінде балалармен жүргізілетін психологиялық жұмысты тәжірибе деңгейінде қарастырып, жан-жақты зерттелуі тиіс.
Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің әр білім алушы тұлғасының психикалық ерекшелігін ескере отырып жүргізілетін жұмыс түрлері әр түрлі. Яғни білім алушыларды психологиялық мәселелерін анықтау үшін жас ерекшеліктеріне байланысты әдістемелер алынады, анықталған мәселелерді шешуде түзетуде психологиялық коррекциялық жұмыстардың түрлері қолданылады.
 Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналға сауалнамасы.                                                                                                          Мақсаты: Кіші және орта жастағы балаларды болатын   мазасыздықтың  түрін және   деңгейін анықтау.                                                                        Қатысқан оқушылар:5-10 сыныптар                                                                                  Нұсқау: Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе бұрыс жақсы немесе жаман жауаптар жоқ. Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты-жөніңізді және класыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «+», егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.
 
                   Диагностикалық зерттеу
Филлипстің мектептегі мазасыздық  сауалнамасы
№ Мазасыздық көрсеткіш Оқушылар тізімі Көрсеткіш 
Жоғары Орта Төмен 
5 «А»Мектептегі жалпы мазасыздық 18 жоғары орта төмен 

Табысқа жету қажетілігін фрустрациясы 18 0%0%100%

Өзін өзі көрсетуден қорқу 10 0%44,4%55,5%

Білімді тексеру жағдайларынан қорқу 12 0%33,3%66,6%

Басқалардың үмітін ақтамаудан қорқу 18 0%0%100%

Стресске физиологиялық төзімділігі төмен 18 0%0%100%

Мұғалімдермен қарым қатнастағы мәселелермен қорқыныштар 18 0%0%100%

Мұғалімдермен қарым — қатынастағы проблемалар мен қорқыныш 18 0%0%100%
Тақырыбы: "Социометрия"