№377 б жоспары » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

№377 б жоспары

Психологиялық қызмет мамандарының лауазымдық міндеттері
Психологиялық қызмет жұмысындағы орта білім беру ұйымының басшысы:
1) психологиялық қызметтің жұмысы туралы бұйрық шығарады және білім             алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеудің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекітеді;
2) психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың құрамын және лауазымдық міндеттерін бекітеді;
3) психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың біліктілігін арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
4) психологиялық қызмет жұмысының және психологиялық қызметтің құрамына кіретін мамандардың жұмысы туралы талдамалық есепті тыңдайды және бекітеді;
5) тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, ата-аналарды және өзге де заңды өкілдерді психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
6) Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың ұсынымы негізінде білім беру ұйымының басшысы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік сүйемелдеуге мұқтаж білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізімін, жеке оқу жоспарларын, мамандардың жеке даму бағдарламалары, жеке/бейімделген оқу бағдарламаларын қамтитын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің  жеке бағдарламаларын бекітеді.
Орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары, психологиялық қызмет жұмысында:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу бойынша психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесінде диагностикалық іс-шараларды жүргізу уақыты мен орнын айқындайды;
2) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді сүйемелдеу нәтижелеріне, әлеуметтендіру, дамыту серпіні мен оқу жетістіктерінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді;
3) психологиялық қызметтің мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қауымдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
               Психологиялық қызмет жұмысындағы педагог-психолог:
1) оқу жылына арналған жұмыс жоспарына және оқу жылының басында ата-аналар жиналысының хаттамасымен ресімделген ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің келісіміне сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізеді;
2) бақылаулар, тереңдетілген зерттеулер, ата-аналардан немесе өзге де заңды өкілдерден алынған   мәліметтер, психологиялық қызмет және психологиялық-медициналық-педагогикалық      консультация      мамандарының қорытындылары мен ұсынымдарын зерделеу негізінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтайды және бағалайды; 
3) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс жасау қағидаларының 14-тармағының 3 тармақшасына сәйкес мінез-құлық және эмоционалдық проблемалар, деструктивті мінез-құлық түрлері, отбасындағы  тәрбиенің және бала-ата-ана қатынастарының     бұзылуы, ақпараттық ортаның теріс әсерлерінен туындаған тәуекелдері кезінде ата-аналарды және білім беру ұйымының әкімшілігін хабардар етеді;
4) әкімшіліктің сұранысы және ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің келісімі негізінде білім алушы мен тәрбиеленушінің тұлғасына психологиялық зерттеу жүргізеді, баланың психоэмоциялық жағдайына баға береді және қажет болған жағдайда уақтылы психологиялық көмек көрсету мақсатында жеке-дамыту сабақтарын өткізеді;
5) білім беру процесіне қатысушылармен психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге қатысады және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытудың, дамытудың және әлеуметтендірудің тиімді тәсілдерін, әдістері мен технологияларын енгізуге жәрдемдеседі;
6) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің деструктивті мінез-құлқының туындауының профилактикасына қатысады және қажет болған жағдайда білім беру процесіне қатысушыларға тәрбие, оқыту, дамыту және әлеуметтендіру мәселелерінде көмек көрсету жөнінде ұсынымдар әзірлейді;
7) сұраныс бойынша сынып жетекшісімен бірлесіп психологиялық-педагогикалық сипаттамалар мен психологиялық зерттеулер материалдары бойынша қорытындылар жасайды;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту, дамыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру мәселелері бойынша білім беру процесіне қатысушыларға консультациялық көмек көрсетеді.
9) ғылыми негізделген әдістемелер мен технологияларды пайдалана отырып, білім алушылармен және тәрбиеленушілермен диагностикалық, жеке консультациялық, дамытушылық жұмыстың нысандары мен әдістерін айқындайды;
10) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық жай-күйінің өзгеру серпініне мониторинг жүргізеді;
Психологиялық қызмет қызметіндегі әлеуметтік педагог:
1)жеке        тұлғаның   психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, әлеуметтік тұрмыс жағдайларын зерделейді,      білім      алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы бұзушылықтарды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
2)     Әлеуметтік-педагогикалық     жұмыстың     міндеттерін,     нысандарын, әдістерін,     білім      алушы     мен     тәрбиеленушінің     жеке      және     әлеуметтік проблемаларын         шешу         тәсілдерін  айқындайды,       білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер, отбасы және ұйым, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында келістіруші болады;
4) білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтердің өкілдері арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
5) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуды, тәрбиелеуді, әлеуметтендіруді ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;
6) баланың отбасында және білім беру ұйымында құқықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
     Психологиялық қызметтің мақсаты - білім алушыларды табысты оқыту, дамыту, әлеуметтендіру және кәсіби білім беру траекториясын саналы таңдауды қалыптастыру үшін психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға бағытталған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүйелі ұйымдастыру.
     Психологиялық қызметтің міндеттері:1) Оқыту процесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің даму жағдайын психологиялық-педагогикалық талдау, негізгі проблемалар мен олардың туындау себептерін анықтау, оларды шешу құралдарын айқындау, сондай-ақ ұжымның педагогикалық қызметі үшін қауіпсіз орта құру;
2) оқу процесінде баланың психологиялық-педагогикалық мәртебесін және оның психологиялық даму динамикасын мониторингтеу; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу қызметін дараландыруға жәрдемдесу;
3) білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелеріне қойылатын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын орындауға жәрдемдесу болып табылады;
4) әлеуметтік қауіпсіздік, психологиялық денсаулық проблемаларын еңсеруге және деструктивті мінез-құлық нысандарының алдын алуға, білім алушылар    мен тәрбиеленушілерді бейімдеу, оқыту және       тәрбиелеу қиындықтарына   бағытталған жеке        дамыту    және  түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
5) жаңа әлеуметтік тәжірибені саналы және белсенді түрде беру арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойында өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге әмбебап оқу дағдыларын қалыптастыру мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады;
6) білім беру процесіне қатысушыларға, олардың жеке құқықтарына қысым жасамай, өзара көмек, эмпатия, жауапкершілік, өзіне сенімділік, шешім қабылдау қабілеті, белсенді әлеуметтік өзара іс-қимыл қағидаттарын тәрбиелеу мен қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады;
7) Білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік қолдау саласындағы ғылыми және практикаға бағдарланған жетістіктерін тарату және практикаға енгізу болып табылады;
8) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып, оларды әлеуметтендірудің тиімді жағдайларын жасау үшін білім беру процесіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;     
9) білім беру ұйымының алқалы органдарымен және білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер мүдделі органдарымен өзара іс-қимыл жасау болып табылады 
Психологиялық қызметтің жұмыс жоспара атқарылатын жұмыс түріне байланысты серіктестікте жасалатын нақты жұмыс түрлеріне байланысты жоспарланады. 
Кеңейтілген жоспарлар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 377 бұйрығын негізге ала отырып құрылады
Р.сІс-шараның атауыМерзіміЖауаптылар
1Сыныптағы қолайлы психологиялық климат: оқушылар мен мұғалім қабылдаған жағымды эмоциялардың зарядының денсаулыққа жағымды әсері.Үнемі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
Сынып жетекші
2Құзыреттілікті арттыру үшін жағдай жасау ата –аналар мен білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері.Жыл бойы Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
Сынып жетекші

«Сенім» қызметін жүргізуЖыл бойыӘлеуметтік педагог
Сынып жетекші
3«Тәуекел», «қатер» топтарына жататын білім алушыларды анықтап жұмыс жүргізу (диагностика, коррекция, алдын алу)Үнемі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
5Жеке және топтық әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық жұмыстар жүргізу (қыздар мен ұлдармен жұмыстар)Үнемі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
6Зорлық-зомбылықтың алдын алу (физикалық, булингтік әрекеттер) Үнемі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог

Интернет қауіпсіздігінің  алдын алу, ресурстарды дұрыс пайдалануҚажетіне қарай   Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
7Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз етуҚажетіне қарайДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
8Жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу жұмыстарыҮнемі Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
9Құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары Жыл бойыДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Педагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
11Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуЖыл бойыПедагог-психолог 
Әлеуметтік педагог
12Діни экстремизм және тероризмге бағытталған алдын алу іс шаралар Қажетіне қарайДиректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 
Әлеуметтік педагог

Ішкі істер бөлімімен жұмысҚажетіне қарайДиректордың тәрбие ісі     жөніндегі орынбасары 
Әлеуметтік педагог
Келісілді                                                          Бекітті
ДТІЖО    Л.Уразбекова                                  Мектеп директоры    Б.Абдилдаева 
Мектептегі     психологиялық  қызмет
(377 бұйрықтың   негізімен жасалған жоспар)
2022-2023 оқу жылы