Құқықбұзушылықтың алдын алу » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу
06
май
2026

Құқықбұзушылықтың алдын алу

"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, экстремизм мен радикалды идеологиялардың зиянын түсіндіру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жабық чаттардың қауіптілігі, жалған ақпараттар мен манипуляция тәсілдері туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, радикалды топтардың адамдарды тарту жолдары, оның ішінде эмоциялық қысым жасау, қорқыту, жалған уәде беру сияқты әдістері түсіндірілді.
Оқушыларға экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, оның ішінде бостандықты шектеу, төзімсіздік тудыру, пікір алуандығын жою сияқты қауіптері кеңінен айтылды.
Көрнекі материалдар (бейнероликтер, суреттер) арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берілді.
Іс-шара соңында оқушыларға сақтық шараларын ұстану, күмәнді топтарға қосылмау, жалған ақпараттарға сенбеу туралы нақты ұсыныстар берілді.