27
март
2026
Қауыпсіз үй
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, "Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен " КММ-де 2026 жылдың 26–29 наурыз аралығында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз үй» атты рейдтік іс-шара өткізілді.
Аталған іс-шараға директордің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог және педагог психолог бірлесіп жұмыс жүргіздік.
Аралау барысында оқушылардың тұрмыс жағдайы, тәрбиесі, бос уақытын өткізуі, қауіпсіздік талаптарының сақталуы тексерілді. Ата-аналарға бала тәрбиесі, қауіпсіздік шаралары, құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасатын болады.
Қорытынды:
«Қауіпсіз үй» рейдтік іс-шарасы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отбасындағы тәрбиелік ахуалды жақсартуға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталды.