«Педагогикалық мамандықтар әлеміне саяхат» » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогикалық мамандықтар әлеміне саяхат»
22
январь
2026

«Педагогикалық мамандықтар әлеміне саяхат»

Панфилов ауданы,Жаркент қаласы, Сарыбел ауылы «Х. Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушылары 2026 жылғы 22 қаңтар күні Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде өткен іс-шараға қатысты.
Аталған күні Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде «Педагогикалық мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында 9–11 сынып оқушыларына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға педагогикалық мамандықтар туралы кең көлемде ақпарат беру, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар көрсету және колледждің оқу-тәрбие үдерісімен таныстыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оқу кабинеттерімен, мамандық түрлерімен танысып, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өткізілген таныстырылымдар мен экскурсияларға қатысты. Сонымен қатар, педагог мамандығының қоғамдағы маңызы, болашақтағы сұранысы туралы мәліметтер алды.
Мектептің 9-сынып оқушыларын аталған іс-шараға кәсіптік бағдар беруші Момбекова Гүлнұр алып барып, оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын жүргізді.