Педагог-ассистент Момбекова Гулнур Абилхайрқызы 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог-ассистент Момбекова Гулнур Абилхайрқызы 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі
12
июнь
2023

Педагог-ассистент Момбекова Гулнур Абилхайрқызы 2022-2023 оқу жылындағы атқарған жұмысының есебі

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп МДШО» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Педагог-ассистентМомбекова Гулнур Абилхайрқызы
2022-2023 оқу жылындағы
атқарған жұмысының
Есебі
        Мақсаты: ОПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйкес және ПМПК қорытындысыз білім алуда ерекше қажеттілігі бар мектеп оқушыларына оқу үрдісіне бейімделуін қалыптастыруда педагог-ассистенттің қолдауы.
      Міндеттері: 
1. Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушысын басқа мамандармен, мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесе отырып, баланың мінез-құлқындағы ерекшеліктерін және оқудағы қажеттіліктерін анықтау.
2. Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушысына жеке қолдау көрсету, психологиялық-педагогикалық кабинетте немесе сыныпта сүйемелдеу. 
3. Оқытушыларға, ата-аналарға, басқа мамандарға ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды оқу процесінде және үйде мінез-құлықпен жұмыс әдістері бойынша кеңес беру.
        Жұмыстың негізгі бағыттары:
1. Ұйымдастырушылық жұмыс.
2. Мінез-құлық ерекшеліктерін, мәселелерін анықтау және оқушыларды педагог-ассистенттік қолдаудың (көмек) мазмұнын анықтау.
3. Оқушыларға педагог-ассистенттік қолдау және оның тиімділігін бақылау.
4. Кеңестік-әдістемелік қызмет.
5. Өзін-өзі дамыту.
               2022-2023оқу жылының басталуына материалдар мен жұмыс орнын  жаңа оқу жылына дайындау,оқу құралдарымен методикалық , дидактикалық көрнекілік материалдармен толықтырдым. Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушыларын басқа мамандармен,мұғалімдермен,ата-аналармен бірлесе отырып,баланың мінез – құлығындағы ерекшеліктерін оқу қажеттіліктерін анықтауда жұмыс жүргіздім.
      01.03.2023 жылы ОПМПК қорытындысы мен ұсыныстарына сәйке
1 «а» сынып оқушысы Ратушный Фарух Бахтиярұлына (Трудности общения и поведения со снижением умственной работоспособности. ОНР  – ІІ уровняпедагог-ассистент бекітілді                           Ата-анамен сұхбат және сауалнамалар жүргізіліп,үйде мінез – құлықпен жұмыс әдістері бойынша кеңес берілді. Ратушный Фарух Бахтиярұлына құжаттамаларын рәсімдеп,сабақ кестесі құрылып,бақылау күнделігі жүргізілді. Оқушыға мектепте жеке қолдау көрсетіп, психологиялық- педагогикалық кабинетте немесе сыныпта сүйемелденді. Жалпы сабақтарынан бөлек арнайы маманмен,мектеп логопеді және психологімен бірлескен жеке түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. Педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету жұмысы ұйымдастырылып, жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі уақытта ППҚК –дің жұмысының барлығымызға көптеген мүмкіндіктер беріп отыр.
         Ратушный Фарух Бахтиярұлына мектепке келгенді, сыныптастарымен қатар жүргенді, ойындарды ұнатады. Сыныпта отыруға қарсылық танытпайды. Көңіл - күйі құбылмалы,ашуланшақ,тез шаршайды, зейіні тез бұзылады.Оқушы түрлі - түсті суреттерге, заттарға қызыға қарайды, бірақ қызығушылығы 3-5 минуттан аспайды. Сөзін толық, түсінікті жеткізе алмайды.
Оқушыны әлеуметтендіруде сынып жетекшісімен бірлесе отырып біраз жұмыс атқарылды. 
 
Әріптер мен сандарды үйретуде Фарухтың түстерге қызығатынын ескере отырып әр сабаққа дидактикалық материялдар, көрнекіліктер пайдалана отырып жұмыс жүргіздік.  Сабақ барысын ойындармен қызықты, жетістігін қол шапалақ арқылы бағалау тәсілін пайдаландық. 
Фарух 1- ден 10 ға дейін санайды. Сандар мен әріптерді танымайды, бірақ ұқстастығына қарай ажыратып, тауып көрсетеді.           
Фарух сыныптастарымен асханаға барғанды ұнатады, асхана тәртәбімен танысты, біледі.
Педагог – ассистенттің  атқарған   жұмыстары бойынша                    
SWOT талдауы
Педагог-ассистент   қызметтің мақсаты: Мінез-құлқында өзгерістері бар, сабақта жететін жетістіктерді өз бетімен жасауға дағдыландыру.Сабақтан тыс уақытта мектепте,әлеуметтік ортада өз бетімен жұмыс жасауға,ізденуге көмек көрсету.
Міндеттері: 
-Жалпы білім беретін мектептерде жалпы сыныпта оқитын зерде бұзылыстары бар оқушыларға ПМПК қорытындысымен немесе ПМПКА қорытындысысыз қолдау көрсету
-Сабақ барысында өз бетімен жұмыс жасауға түзету жұмыстарын жүргізе отырып әлеуметтік ортаға бейімдеу.
-
Психологиялық жұмыс әрекетінің негізгі бағыттары:
Психологиялық қолдау көрсету
Психологиялық консультация
Ұйымдастыру-әдістемелік
Мықты жақтарыӘлсіз жақтары
1. Жарық, жылы, сабақ өтуге ыңғайлы, көрнекіліктер жеткілікті кабинетім бар.
2. Оқушылармен  тығыз қарым-қатынастамын. Сабаққа келіп қатысуға деген құлшыныстары, ынтасы жоғары.
3.Ата- аналармен,сынып жетекшілермен тығыз байланыстамын. 
1.Үйге берілген жаттығуларды, тапсырмаларды  уақытымен орындалмауы;
МүмкіндікҚауіп
1.Оқушылармен ата -аналардың өз бетімен іздену мүмкіндігі
2.Әлеуметтік желілерден тәжірибесі жақсы мамандардың жұмысын қарай отырып өз білімімді жетілдіре түсу ( Zoom, Watssapp, Youtube, Telegram);
1. Ата-аналардың әлеуметтік желіні шектен тыс қолдануы, балаларына бей жай қарауы;
2.Уақытты тиімсіз пайдалану;