«Жас Ұлан» жасөспірімдер мен «Жас қыран» біріңғай балалар ұйымының және мектеп парламентінің жоспар бойынша атқарылған жұмыстарының анықтамасы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» жасөспірімдер мен «Жас қыран» біріңғай балалар ұйымының және мектеп парламентінің жоспар бойынша атқарылған жұмыстарының анықтамасы
19
июнь
2023

«Жас Ұлан» жасөспірімдер мен «Жас қыран» біріңғай балалар ұйымының және мектеп парламентінің жоспар бойынша атқарылған жұмыстарының анықтамасы

Жетісу облысы Панфилов ауданы «Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жас Ұлан» жасөспірімдер мен «Жас қыран» біріңғай балалар ұйымының және мектеп парламентінің жоспар бойынша атқарылған жұмыстарының анықтамасы 
    Тамыз айының 28 жұлдызы жоспар құрылып, жаңа 2022-2023 оқу жылының міндеттері айқындалды.

1 қыркүйек күні       «Білімге ұмтылу. Еңбексүйгіштік және Патриотизм»      атты тақырып  аясында         1 сынып оқушылары үшін  салтанатты жиын  өткізілді. 
«Жас ұлан»     біріңғай  балалар мен жасөспірімдер ұйымы ережесімен   таныстырылды және мектеп парламентінің президентіне үміткерлер тағайындалып, сайлау туралы түсіндірілді. Оқушылар жасырын түрде дауыс беріп,ережеге сәйкес көп дауыс жинаған үздік оқушы Мұхаметбай Айжан мектеп парламентінің президенті болып сайланды. Сонымен қатар ,мектеп парламентінің депутаттары сайланып,оларға  тьютерлер бекітілді. 
Мектеп парламентінің құрылымы
Аты-жөні Лауазымы 
Тьютерлік қызметтің басшысы 
1Мұхаметбай Айжан 
Мектеп президенті, Ұланбасы Мектеп директоры Абдилдаева Б
2Өсім Берікболсын
Асқар Жарас 
Балалар өкілдігі ДТІЖО Уразбекова Л
3Нұрлан Аймен 
Мәдениет және өнер фракциясы депутаты ПҰ Абдрахманова Ғ
4Батырғали Айым
Мэльс Мадияр 
Құқық және тәртіп фракциясы депутатыБайтұрова Б 
Тарих  пәні мұғалімі 
5Нұрлан АйкүмісАқпарат және баспа фракциясы депутаты  Досай Ұ 
Математика  пәні мұғалімі 
6Майдан Жетіген
Нұрлыбек Темірлан 
Спорт және СӨС фракциясы депутаты Есенов Е 
Денешынықтыру  пәні мұғалімі және медбауыр Алмас Қожа 
7Баймырза Б
Өсім А
Қамқорлық және еріктілік фракциясы депутатыӘлеуметтік-педагог Нұрғамитова М
8Оспан Ақпейіл
Экология және еңбек фракциясы депутатыСмағұлова Ж 
Биология  пәні мұғалімі
9Дәулетхан Нұрсана 
Дебаттық қозғалыс фракциясыҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Мәдижан Н
10Әшім Райымбек 
Амантай Аян 
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы депутатыПП Ахметова С
                                            
 
    Жоспар бойынша Ұлы тұлға А. Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай, сынып сағаттары өткізілді. Ұлы тұлғаның жүріп өткен жолы мен өнегелі істері айтылды. 
 «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің іс- бірлестіктері біріге отырып, мақсат-міндеттер айқындалды. 
06.09.2022 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғ.Абдрахманова «Тіл мерейі-ел мәртебесі» атты ашылу салтанаты өтті. Оқушылар тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән айтылып, биден шашу шашты. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов туралы деректер берілді. 
07.09.2022 күні 11 сыныптар « Туған тіл –тұғырым» атты эсселер жазды. Негізгі мақсаты: оқушылардың өз ана тілінде сауатты жазуға баулу, ұшқыр ойларын дамыту болып табылады. Үздік шығарма жазған оқушы жұмыстары аудандық ээселер жазу жарыстарына бірден қатыстырылатын болды. 
08.09.2022 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Болатаеваның жетекшілігімен «Күлше қыз» ертегісі ағылшын тілінде сахналанды. Оқушылар өздеріне берілген рөл бойынша ойнап, би биледі. 
09.09.2022 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Жердентапқанованың жетекшілігімен 3 сынып оқушылары   «Шалқан»ертегісін сахналады. Сонымен қатар ,  ағылшын тілінде ән айтып, би биледі. 
12.09.2022 күні Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерекесіне орай, 6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Бекдаулетованың жетекшілігімен сынып сағаты өтті. Қайраткер туралы деректер айтылып, шығармашылығы насихатталды. 
13.09.2022 күні қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік жетекшісі А.Омарова «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Оқушылар ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Үздік оқыған оқушыларды аудандық, облыстық байқауларға қатыстыру туралы ұсыныс қабылданды. 
14.09.2022 күні ағылшын тілі мұғалімі С.Тезекбаеваның жетекшілігімен, «Теремок» ертегісі және мерекелік кеш өтті. Ертегідегі әр кейіпкерді оқушылар бейнелеп,ән мен биін қатар жүргізді.
15.09.2022 күні «Занимательная граматика» атты сыныптан тыс сағаты орыс тілі пәні мұғалімі Л.Масимованың жетекшілігімен өтті. Оқушылар орыс тілі мен басқа да қызықты жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап берді.  Жеңімпаз оқушыларға алғыс хат берілді. 
16.09.2022 күні орыс тілі пәні мұғалімі Б.Кегенбаева «Давайте, любить русский язык!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар тіл білімі туралы білімдерін көрсетіп, ойын жарыс түрінде өтті. Нәтижесінде 7 «ә» сынып оқушылары жеңіске жетті. 
16.09.2022 күні орыс тілі пәні мұғалімі С.Арпынова «Урок-игра» атты викториналық сұрақтарға жауап беру сайысын өткізді. Оқушылар топтық жұмыс орындады, жекелей сұрақтарға жауап берілді. 
Онкүндіктің соңғы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Мәдижан  «Ахмет - сөз көсемі» атты дөңгелек үстел өткізді. Қоғам қайраткері, тіл жанашыры туралы оқушылар баяндама дайындап келіп, ақынның шығармашылық портретін жасады.   
Тілдер мерекесіне жасалған онкүндік толық жоспар бойынша жүзеге асты. Әртүрлі іс-шараға  135  оқушы   қамтылды. Онкүндіктің іс-шаралары толықтай әлеуметтік желіге жарияланып отырды. 
       11 қыркүйек отбасы күніне орай, ата-аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мектеп психологы ата-аналармен тренинг жүргізіп, әлеуметтік педагог баяндама оқыды. 
28.09.2022 күні Ұстаздар күніне орай, мектеп парламенті «Ұстаз-ұлы есім» атты шағын концерт ұйымдастырды. Оқушылар өлең оқып,ән айтып,би биледі. Ұстаздарына тілектерін шығармашылықпен   жеткізді. 
30.09.2022 Аудандық білім бөлімінің нұсқаулығына сәйкес, мектеп парламентінің қатысуымен «Дублер күні»ұйымдастырылды. Оқушылар өз бейіндеріне қарай, пән мұғалімдерінің орнын алмастырды. Сонымен қатар, «Ұстазыңды құттықта» атты республикалық челленджге белсене қатысты. 
   29.09.2022 күні  1 қазан қарттар күніне орай, 7 «ә» сынып жетекшісі Б.Байтұрованың жетекшілігімен «Қарттарым-асыл қазына» атты сынып сағаты ұйымдастырылды.  
7.10.2022  күні мектеп директоры Б.Абдилдаеваның басшылығымен ден шынықтыру пәні мұғалімдерініғ ұйымдастыруымен «Мектеп лигасы» ашылуы өтті. Ашылу салтанатында оқушыларға спорттық іс-шаралардың жоспары таныстырылды.   Сонымен қатар аудандық ІХ Ұлттық   мектеп лигасы бойынша жарыстарда жеңіске жеткен 7-8 және9-11 сынып оқушылары 1- орынмен марапатталды. Жаттықтырушы Құсайнов Нұрсұлтанның  жаттықтыруымен 3-5 сынып оқушылары грек рим күресіне қатысып   жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, үнемі жүлделі орындарды иеленуде. Атап айтсақ Айтмұқамед Тәлейлі , Әлік Ақсұлтан,Батырғали Ерхан, Иманғазы Ерсін,Аният  Әдібек.                                                           Мақсаты: оқушылардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
14-қазан күні 10 сынып жетекшісі Самал Ахметқалиқызының ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» атты күзгі балл өткізілді
Мақсаты оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру,табиғатты таза ұстауға, күзгі дәнді-дақылдардан, жесміс-жидектерден композиция құрастыру,әртүрлі бұйымдар дайындар жасату. 
Нәтижесінде оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, бағдарлама бойынша барлық тапсырмаларды жақсы орындады. Сахна безендіруі, жеміс-жидектерден жасаған қолөнер бұйымдары таңғаларлықтай дәрежеде жасалды. Күз  ханзадасы болып 7  «А» сынып оқушысы Нұрлан Бекжан және ханшайымы 8«Ә» сынып оқушысы Тұрғанбай Сая атанды. Мектеп директоры оқушылардың өнерін өте жоғары бағалап, ризашылығын білдірді.
Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 2-5 сыныптар арасында «Күз кереметі» атты көрме ұйымдастырылды. 
18- қазан күні  қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері 5-11 сынып оқушыларына «Менің арманымдағы -Қазақстан» тақырыбында эссе жаздырды.
Эссе жазу алдында болашақтағы Қазақстан Республикасының қандай болуын қалайсың ?  сұрағына жауап алды. Оқушылар өз ойын еркін айтып шықты.
Мақсаты: оқушылардың әдемби көркем тілін дамыту, шығармашылығын шыңдау, өз Отанының патриоты болуға баулу.
Нәтижесінде оқушылар өз шығармашылығын шыңдап, «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе жазды . Ең үздік эссе жазған оқушылар марапатталды.
23.10.2022  күні  «Қазақстаным менің» атты  Республика күніне арналған әдеби кеш өтті. Кешке 1-4 сынып оқушылары  тақпақтар жаттап, мәнерлеп оқыды. Үздік оқыған оқушылар марапатталды.
Мектеп парламенті апта сайын рейтингі жүргізіп отырды. Рапорт дәптер қорытындысы, кезекшілік, сабаққа қатысу бойынша бірінші тоқсанның рейтингісі төмендегідей:
 
Екінші тоқсан
10.11.2022 «Кітап маған тақтан да қымбат» атты  дөңгелек үстел өтті. Шараға 7 ә сынып оқушылары қатысты. Берілген тақырып бойынша әрқайсысы өз ойларымен бөлісіп шықты. 
 
 15.11.2022 «Биле,биле»  би сайысы өтті. Сайысты мектеп парламенті ұйымдастырып, жүргізді.  Оқушылар өз өнерлерін көрсетті.  Бірінші орынды 8 «ә», екінші орынды 9  «а», 7 «а» , үшінші орынды 7 «ә»сыныбы иеленді. 
 
Аудандық «Адал ұрпақ» клубының слетына мектебіміздің клуб мүшелері қатысып, жүлделі 2 орынға ие болды. 
 
Құқық онкүндігінің жоспарына сәйкес, мектеп парламенті жастарына «Өмір ағашы.Менің шежіремнің тарихы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оқушылар жеті ата туралы, шежіре туралы ойларын тарқатып айтып , ой бөлісті. 
 
Жоспарға сәйкес , дебат фракциясы «Мамандық таңдауда ата-ананың қалауын жоғары қояды» атты қарар бойынша ойын өткізілді. Дебат ұйымының қатысушылары белсене қатысты. 
 
Балалар жылына орай, «Бақытты бала- болшақтың кепілі» атты концерт өткізілді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Концерт соңында оқушыларға аздаған сый таратылды. 
 
Дебат қозғалысының жоспарына сәйкес, «Аргумент» және «Томирис» командаларының қатысуымен, дебат өтті. Оқушылар «Баланың өміріне ата-анадан гөрі қоршаған орта көбірек әсер етеді деп есептейді» атты қарар ойнатылды. 
 
Аудандық КТА ойындарына мектеп командасы қатысып , үздік әзілдері мен өнерлері үшін финалға жолдама алды. 
 
         Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, «ЖасҰлан» біріңғай балалар ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Ұйым қатары 40 оқушымен толықты. Ұйымның мақсат-міндеттері таныстырылып, оқушылар ант қабылдады. Мектеп парламенті, Ұланбасы толық аталған шараға қатысып, өнер көрсетті.
 
 
       Желтоқсан айындағы жоспарға сәйкес, дебат өткізілді. «Аргумент» дебат клубының мүшелері толық қатысты, жеребе бойынша оқушылар бөлініп, БП «Баланың өміріне ата-анадан гөрі қоршаған орта көбірек әсер етеді деп есептейді» қарар бойынша ойын болды. 
  
       Жоспарға сәйкес, Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Тәуелсіздік –ұрпаққа аманат! » атты  салтанатты жиын өткізілді. Желтоқсан оқиғасы, тәуелсіздікке жету жолдары туралы видеороликтер көрсетіліп, баяндама оқылды. Мектеп директоры ұжымға Тәуелсіздік туралы айта келіп, игі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, Панфилов аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен ұстаздарымызды құттықтау рәсімі өтті. 
 
Аудандық жайдарман орындарына финалға жолдама алған мектебіміздің «Көз тимесін» командасы аудандық жайдарман ойынында   ынталандыру дипломдарына ие болып, Панфилов ауданы әкімінің дипломымен, Панфилов аудандық білім бөлімінің және аудандық мәдениет үйінің алғыс хатымен марапатталды. 
 
Екінші тоқсанбойынша жоспарланған шаралар толық атқарылды. Жаңа жылдық кештер өз дәрежесіде атқарылды. 
Рапорт дәптер қорытындысы төмендегідей:
 
Кезекшілік   мониторингісі 
 
                                                 Үшінші тоқсан 
    Жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп парламентінің мүшелерінің қатысуымен классик жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай, М.Әуезвотің дара жолы атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: М.Әуезов туралы түсініктерін дамыту, жазушының шығармашылығымен таныстыру.
 
Жұмыс жоспарына сәйкес, «Қамқоршылар» үйірмесінің мүшелері ауылымыздағы жалғызбасты анаға қолқабыс етті. Ауа райының өзгеруіне байланысты қалың қарды тазаласып, су тасыды. Негізгі мақсаты: адамгершілікке баулу, «Асар» ұғымының мәнін түсіндіру.
 
       Мектеп парламенті жастары және спорт фракциясының ұйымдастыруымен баскетбол ақысыз үйірмесінен Жаркент жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері арасында мектебімізде жолдастық турнир өткізілді. 
Негзігі мақсаты: оқушы жастарды спортқа баулу, спорт фракциясының жұмысын жандандыру.
 
Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында , «Сен өз құқығыңды білесің бе?» атты сауалнамалар, таныстырылымдар жүргізілді. 
9 ақпан ақиық ақын М.Мақатевтың туған күніне орай, «Жырлайды жүрек» атты әдеби сазды кеш өтті. Ақынның өлеңдері мен өлеңдеріне жазылған әндері шырқалды.  Ақынға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақыру. 
  
Панфилов аудандық білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес, Жетісулық ақын, Ж.Бекгімбетовтің мерейтойына орай, «Жауқазын ғұмыр» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты : Оқушыларға жерлестері туралы кеңінен түсінік беріп, өнегелі жолын дәріптеу. 
 
3 - ақпан күні «Ауған ақиқаты» тақырыбында ауылымыздың ауған соғысына қатысқан ардагерлерімен кездесу өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға ауған соғысы туралы мәліметтер беру. Ауған соғысы ардагерлерімен сұхбаттасу. Патриоттық рухы жоғары, қайсар ағалардың ерлігін үлгі ету.
Кездесу барысында ардагер ағаларымыз өздеріне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өткен күндерден қалған естелік әңгімелерін айтты.
 Нәтижесінде оқушылар ауған соғысы жайында ақпараттар естіп, бейнероликтер арқылы ауған жерінде болған көптеген жайттармен танысты.
 
22 ақпан руханият бағыты бойынша  7 а сынып жетекшісі Г.Досайдың жетекшілігімен Жаркент қаласындағы «Даңқ мұражайы» мен Ә.Қастеев атындағы көркем сурет мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты: Оқушыларды туған жерді сүюге баулу, ізгі қасиеттерін дамыту. 
 
1 наурыз –алғыс айту күніне орай, «Мың алғыс» атты мерекелік концерт өткізілді. Негізгі мақсаты:  оқушылардың ізгі қабілеттерін дамыту, алғыс айта білуге үйрету. Концертте мектеп жастары өнер көрсетіп, ән айтты, би биледі, алғыс айтты. 
 
  Жоспарға сәйкес, мектеп парламентінің жастарымен бірлесе отырып, «Көктем аруы -2023» байқауы өтті. 7-9 сынып оқушылары арасында байқауға қатысқан қыздарымыз 4 тур бойынша бақ сынасты. Бас жүлдені 7 а сынып оқушысы Манарбекқызы Ақманар жеңіп алды. Негізгі мақсаты: қыздардың тәрбиесіне аса мән бере отырып, оларды ибалылыққа тәрбиелеу, ізгі қасиеттерге баулу. 
 
8 наурыз –халықаралық әйелдер мерекесіне орай,  мектеп парламентінің жастары «Ана –өмірдің гүлі» атты концерт қойды. Ән айтылып, би биленді. Күйден шашу шашылды. Негізгі мақсаты: ананы сүюге, құрметтеуге шақыру. Әйел адамның қоғамдағы рөлін түсіндіру. 
 
 
          Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай, мектебімізде үлкен көлемде іс-шара өтті. Оқушылар ән мен жырдан шашу шашып, күмбірлете күй орындады. Ата-аналар салт-дәстүр туралы , түсіндіре келіп, «Тұсау кесу» рәсімін орындады. Ауыл ақсақалы Нұрбосын ата наурызға арналған бата берді. 9 сынып жетекшісі Ұ.Досайдың жетекшілігімен ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.   
 
 
Үшінші тоқсанға арналған іс-шаралар толық атқарылды.  Рапорт дәптер қорытындысы бойынша мониториг төмендегідей:
 
                                   Төртінші тоқсан  
     Төртінші тоқсандағы жұмыс жоспарына сәйкес, «Мамандығым-мақтанышым» атты суреттер көрмесі өтті. Негізгі мақсаты: оқушыларға мамандық туралы түсінік беру. 
 
 
 
      «Мен ғарышкер боламын» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.   Оқушылар сурет салып, үздік деп танылған жұмыстар республика көлеміндегі байқауға жолдама алды. 
 
           Ғарышкерлер күніне орай 1 сынып жетекшісі С.Дәуен танымдық сабақ өтті. Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік берілді. 
 
Эко бағыт бойынша акция ұйымдастырылды. Оқушылар мектеп ауласын тазартып, абаттандыру жұмыстарына көмектесті. Негізгі мақсаты: оқушыларға табиғатты қорғауды , қамқорлық көрсетуді ұйымдастыру. 
 
Мамыр айында "Ел ертеңі -Жас Ұлан" атты Республикалық бірыңғай Жас Ұлан және Жас Қыран балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Ұйымға 17 Жас Ұлан, 16 Жас Қыран қабылданды. Мектеп парламентінің жастары ұйымның мақсаты мен міндеттерін таныстырды.  Ұйымға қабылданған білім алушылар үшін шағын концерт ұйымдастырылды.  Негізгі мақсаты : жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, ұйымның мақсаты мен міндеттерін құрметтеуге шақыру.
 
        Дебат фракциясының ұйымдастыруымен , Ұлттық пікірсайыс қозғалысы аясында "Аргумент" ақысыз үйірмесі мүшелерімен жолдастық кездесу өтті. Дебат – көзқарасымызды өзгертеді. Көптеген өзекті мәселелердің шешімін іздейміз. Және біз проблемаға экономикалық, саяси және әлеуметтік жағынан қараймыз. Қазақстандағы және шетелдердегі әлеуметтік жағдай көтеріледі. Біз енді екі позицияны ұстана береміз.  Бірақ өзімізге көбірек пайда әкелетіні әлеуметтік жағдайды көтерген жақсы, - дейді сайысқа қатысушы Балжан оқушымыз. 
 
        Мамыр айында «Үздіктер шеруі» өтті.  Шеруде мектеп парламентінің барлық мүшелері грамота алып,  спорт фракциясының мүшелерінің де жетістіктері айтылып өтті. Негізгі мақсаты: оқушыларды ынталандыру, жақсы істерге баулу. 
  
1 - маусым балаларды қорғау күніне орай,  1 сынып оқушыларына «Кітап –ақылшы қазына» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға ертегі кітаптар оқылып, сол бойынша сұрақтар қойылды. 
  
1 –маусым күні 11 сынып оқушыларына арналған «Бала шақтан –болашаққа» атты салтанатты жиыны өтті. Жиынның тізгінін мектеп парламентінің мүшесі Дайырман Бахтияр тарих пәні мұғалімі М.Нұрғамитовамен бірлесе отырып жүргізссе, 11 сынып үздік оқушысының «Алтын кілт» аманаты  құқық фракциясының депутаты Майдан Жетігенге табысталды. 
 
Жыл соңында жаңа оқу жылына мақсат-міндеттер айқындалып, отырыс өтті. Оқу жылының аяқталуын таразылап, хаттама жазылды. 
Үздік сынып -    10 сынып
 Үздік рапорт дәптер - 9 а сынып 
Ұйымшыл сынып -8 ә сынып
 Үздік спортшылар -9 ә сынып 
 Ең таза сынып -11 сынып
Ең әдемі кабиент -7 а сынып 
 Оқу жылына жоспарланған шаралар толық атқарылды.    Сабақтан көп қалатын,  іс –шараға қатыспайтын сынып болған жоқ. Барлығы толық   ат салысты. 
Педагог-ұйымдастырушы                       Абдрахманова Ғ.Қ.