2021-2022 оқу жылында педагог-ұйымдастырушының жұмыстарының есебі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында педагог-ұйымдастырушының жұмыстарының есебі
20
июнь
2022

2021-2022 оқу жылында педагог-ұйымдастырушының жұмыстарының есебі

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жас Ұлан және Жас Қыран біріңғай жасөспірімдер ұйымының  және педагог-ұйымдастырушының бірінші жарты жылдық  бойынша атқарған жұмыстарының анықтамасы 
2021-2022 оқу жылының «Әліппе» оқулығының оралуына орай, 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын болды. «Адал ұрпақ» клубының мүшелері мектеп ауласын безендіруге ат салысып, салтанатты жиын «Кел, балалар, оқылық» атты тақырыппен ашылды. Мектеп директоры 1 сынып оқушыларына ақ тілегін арнап, «Әліппе» оқулығын табыстады. 
 
    Әдістемелік нұсхау хатқа сүйене отырып, 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылды. Мектеп оқушыларының топ басшыларын жинай отырып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеті айқындалды. Мектеп парламенттінің жаңа мүшелерін сайлау мақсатында үміткерлер өз кандидатураларын ұсынды. Сайлау нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Хусайын Айдана Айдынқызы мектеп парламентінің президенті болып сайланды. Мектеп парламенті 9 мүшеден тұрады:
Аты-жөні Лауазымы 
1Хусайын Айдана Мектеп президенті
2Жомарт МерейлімБілім министрі 
3Нұрлан Аймен Мәдениет министрі 
4Батырғали АйымБалаларды қорғау және тәртіп министрі 
5Мұхаметбай Айжан Денсаулық министрі 
6Мырзахан АянСпорт министрі 
7Қадыр Жанатбек Ұлдар клубының министрі 
8Оспан АқпейілЕңбек министрі 
9Өмірхан Әсима Қыздар министрі 
Руханият бағыты бойынша мектеп парламентінің мүшелеріне «ЖасҰлан және Жас Қыран біріңғай балалар ұйымының» ережелері таныстырылды.  
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне орай, А.Байтұрсыновтың 160 жылдығына орай тілдер онкүндігі өтті. 
              6 қыркүйек –тілдер мерекесіне байланысты , онкүндік жоспары құрылып, бекітілді.  Мақсаты : Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа баулу. 
07.09.2020 педагог –ұйымдастырушы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ғ.Абдрахманованың ұйымдастыруымен 11 сыныпта «Тіл жанашыры» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Оқушыларға ғалымның өмір жолы мен тіл біліміне қатысты еңбектері таныстырылды. 
   
08.09.2020 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Омарова 6-8 сыныптар арасында Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, диктант жаздырды.Үздік деп танылған оқушылардың жұмыстары әлеуметтік желілерге орналастырды. 
09.09.2020 орыс тілі пәні мұғалімдері С.Арпынова «Язык –живая душа народа» атты әдеби монтаж ұйымдастырды. 
 Орыс тілі пәні мұғалімі Б.Кегенбаева  «Что мы знаем о Ы.Алтынсарине?» атты  викториналық сұрақтар ұйымдастырды.  Оқушылар сұраұтарға жауап беріп , белсене қатысты.
12.09.2021 ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Englishe around  ust» ағылшын тіліндегі жазулар біздің әлемді қоршап тұр деген мағынада қызықты ойын ұйымдастырды.
12.09.2020 ағылшын тілі мұғалімдері С.Тезекбаева , Д.Метербай  
«I love  English» оқулар ұйымдастырды. 
16.09.2020 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  С.Рахимжанова мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Үздік деп танылған оқушыларға облыстық, республикалық байқауларға жолдама алды. 
21.09.2021 күні 11 сынып оқушылары арасында «Ана тілімізге қаншалықты құрмет көрсетіп жүрміз?» атты дебат ұйымдастырылды.   
Зерде бағыты  бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес, «Кітап маған тақтан да қымбат» атты оқушылар арасында әдеби кітаптарды оқу акциясы өтті. Оқушылар өздері таңдаған туындыларды таныстырып , әлеметтік желіге салынды.  
  
 
Салауат бағыты бойынша мектеп медбауыры Алмас Бақытұлымен бірлесе отырып, «Педикулез туралы  не білеміз?» атты таныстырылым болды. Жеке бастың гигиенасы , шаш күтімі туралы кеңес берілді. 
 
Руханият бағыты бойынша , «Ұстаз – үлгі, өнеге, ұлағатым!»  Жастар парламентінің ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында қабырға газеттері шығарылып, мектеп ұстаздарына арналған салтанатты жиын болды. 
Оқушылар ән айтып, жүрекжарды өлең оқыды.
  
ҚР БҒМ нұсқаулығына сәйкес,  Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Ұстазыңды құттықта!» челленджіне қатысты.
  Акцияның мақсаты – мұғалімдерге қызығы мен қиындығы қатар жүретін әрі маңызды және адал еңбегі үшін Алғыс айту.
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес, Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, "Ағартушының адалдық жолы" атты адалдық сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тұңғыш педагог туралы танымдарын кеңейту, өнегелі істерге баулу, адалдыққа шақыру
 
Алматы облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-тің оқушылары аудандық  "Адал ұрпақ" слетіне қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Клуб мүшелері сурет, жоба, ән номинациясы бойынша өнер көрсетті.  
  
"Адал ұрпақ" және Өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, 7-10 сынып оқушылары арасында "Күз аруы" байқауы   қашықтан өтті. Таныстыру, Шебер қолдар, Сән өнері бойынша қыздарымыз өнер көрсетті. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту, адал еңбектің мәнін ұғындыру
 
Жастар парламенті арасында «Салауатты өмір салты» атты байқау өткізіліп, аудандық кезеңге мектеп президенті Хусайын Айдана қатысып, алғыс хат пен бағалы сыйлық ұтып алды. 
  
«Жас Ұлан , Жас Қыран бірыңғай балалар  ұйымының 10 жылдық мерейтойына орай, «Менің жетістігім –елімнің жетістігі» атты Жастар парламенті отырыс өткізіп, жұмыс жоспарына талдау жасады.
  
     Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздік жылдары қосқан сүбелі үлесін насихаттау мақсатында "Елбасы -ел тірегі" атты білім бәйгесі өтті. 1 тур Қазақстан тарихы бойынша сұрақтар. 2 тур Логикалық сұрақтар . 3 тур "Ұшқыр ой алаңы"  дебат өтті. Шараға 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларымыз ашық пікір алмасып, тарих туралы сұрақтарға жауап беріп белсене қатысты. Назарларыңызға сол сәттегі көріністерді ұсынамыз.
 
Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Жас Ұландықтардың қатысуымен мәнерлеп өлең оқу челленджі ұйымдастырылды. Өлең тақырыптары "Туған жер" тақырыбына арналды.Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.
Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады.
  "Қызғалдақ" қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп директоры Бағдат Қожақанқызының басшылығымен, "Әдеп пен ар- ұят- қыздың көркі" атты қыздар жиналысы өтті.  Мақсаты: қыз балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу; Жастар ұйымының мүшесі Ә.Өмірхан баяндама оқып, қыздар ұйымының төрайымы . Б. Қасенова тренинг жүргізді.
  
Жалпы бірінші тоқсан бойынша жоспарланған шаралар толық атқарылды. Аудандық көлемде өткізілген шараларға оқушыларымыз қалыс қалған жоқ. 
Екінші тоқсан
          Күзгі демалысты тиімді  ұйымдастыру мақсатында, оқушылар арасында шаралар жоспарланған болатын. 7 ә сынып жетекшісі Д.Метербайдың жетекшілігімен «Интернеттегі қауіпті ойынлар» атты танымдық сағаты ұйымдастырылды.  Көркем еңбек пәні мұғалімі Л.Уразбекованың жетекшілігімен «Күз кереметтері» атты қолөнер бұйымдарын жасау үйымдастырылды. 
    
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында, 3 сынып оқушылары «Ертегілер еліне саяхат» жасады. 
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында, «Тез оқуды үйреніңіз» атты байқауға 3 сынып оқушысы Иса А қатысып республикаға жолдама алған болатын. Аталған сайыста оқушымыз бірінші орынды жеңіп алды. 
 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 2-4  сыныптар арасында «Жылдам оқу» сайысы ұйымдастырылған болатын. Нәтижесінде :
1 орын – Нұрланқызы Ү, Жапархан А
2 орын Қуанышбек Б
3 орын Тоқтамыс А   иеленді. 
  
 Тұңғыш президент күніне орай, өзін-өзі басқару ұйымы «Тұңғыш президент күні» атты танымдық шара өткізді. Оқушылар елбасының өмірі мен тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерді тарқатып айтты. 
  
«Қаламгер» дебат клубының мүшелері Тұңғыш Елбасы күніне орай, «Оқуға құштар мектеп»   жобасы аясында Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі мен жүріп өткен жолдарын толық таныстырып өтті.
 
1 желтоқсан «Спидпен күрес» күніне орай, өзін –өзі басқару ұйымының жетекшілігімен, қабырға газеттері шығарылды. 
  
  
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, дебаттан өткізілген аудандық турнирде жас мамандарымыз Ұ.Досай, Д.Үркімбай жүлделі 3 орынға ие болды. 
  
«Театр өнері» атты ақысыз үйірменің жоспарына сәйкес оқушыларымыз би өнерлерін көрсетті.
 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес, көркем еңбек пәні мұғалімдері Л. Уразбекова, Е.Майкотовтың жетекшілігімен,  «Тәуелсіздік кереметтері» атты көрме ұйымдастырылды. 
 
Қаламгер дебат клубының жоспарына сәйкес, «Экстремизмге  итермелейтін не нәрсе?» атты ойын өткізілді.
 
Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына орай, дәстүрлі түрде «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар мен біріңғай жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанаты өтті. Өзін –өзі басқару ұйымы , ұйымның логотиптері мен оқушы жастардың мақсат –міндеттерін атап өтті. Осы орайда аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен 10 ұстазымыз,  ҚР Президентінің төсбелгісімен мектебіміздің математика пәні мұғалімі Р.Ботабаева марапатталды. Ардақ ты ұстаздарымыз жаңа қабылданған оқушыларымызға галстук пен төсбелгі тақты.
.                                            
  
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Жас баскетболшылар» үйірмесінің оқушылары аудандық турнирде 2 орынға ие болды. 
   
Талдықорған қаласындаөткізілген 1-ші облыстық «Жас актер» фестиваліне  мектебіміздің 11 сынып оқушысы Данабекова Толғанай қатысып, лауерат атағын иеленді.  
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Сарыбел ауылдық округі бойынша концерт өтті. Аталған жиында мектебіміздің «Желтоқсаншылары» Б.Есенова,А.Қасымова , Б.Байтұрова  арнайы төсбелгімен марапатталды. Мектебіміздің оқушылары өлең оқып, ұстаздарымыз тәуелсіздікке арнап ән арнады. 
 
    Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, мектебіміздің «Шахмат» ақысыз үйірмесінің мүшелері аудандық турнирле 2-3 сыныптар 1 орын, 5 сыныптар 2 орынға ие болды.   
 
Мектебімізде Панфилов аудандық ББ-нің № 371 бұйрығына сәйкес, ата-аналарға, әлеуметтік желілерге қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы атты жадынамалар таныстырылып, желіге салынды. 
Мектеп директоры, ЖасҰлан жастар ұйымының құттықтау тілектері видео етіп түсіріліп, желіге салынды. 
Өзін –өзі басқару ұйымының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би биледі. 
  
  
Алматы облысы
Панфилов ауданы
«Х.Көбіков аом МДШО» КММ
Өзін –өзі басқару ұйымы мен педагог-ұйымдастырушыңың үшінші тоқсан бойынша атқарылған іс-шараларының   анықтамасы 
       Үшінші тоқсан басталуымен, жұмыс жоспарына сәйкес , жастар ұйымының отырысы өткізілді. 
 
Құқықтық онкүндікке байланысты,  «Құқықтық сана –қауымға пана» атты тәрбие сағаты өткізілді. 
  
Қаңтар айында «Денсаулық –зор байлық» атты денсаулық сағаттары өткізілді. Оқушыларға денсаулықтың маңызы түсіндірілді. Рейд жасалып, тазалығы тексерілді. 
  
Жастар ұйымының қатысуымен «Адамгершілік –асыл қасиет» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. 
  
Жастар ұйымының қатысуымен «Менің құқығым» атты челлендж ұйымдастырылды. Видеоролик жасалып әлеуметтік желіге салынды. 
Мектебіміздегі өзін-өзі басқару ұйымының министрі, қыздар клубының жетекшісі Ә.Өмірқан «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» атты танымдық сағат , жиналыс өткізді.  
  
Ақиық ақын М.Мақатаевтың туылған күніне орай, «Поэзия» атты кеш ұйымдастырылды.  Оқушылар белсене қатысып, ақынның әндерін қойылған музыкаға би билеп, өлеңдерін, поэмаларын жатқа айтты. 
  
Қаңтар айында мектебімізде дебаттық турнир өткізілді. Жеңіске жеткен «Томирис» командасы аудандық турнирге жолдама алды. Турнир 2 қарар бойынша өтті. 1. БП зиянды тағамдарға салық салады 2. БП жоғары білімі жоқ бизнесмендердің жетістігін насихаттауға қарсы 
  
Құқықтық онкүндік жоспарына сәйкес мектебімізде «Заң және заман» атты дебат өтті. Оппозиция фракиясы ,аргументерінің дәлелділігімен,алға шықты, балдық жүйе бойынша есептелінді. 
 
Аудандық «Ұшқыр ой» алаңы бойынша мектебіміздің командасы 1 орын алып, облысқа жолдама алған болатын. Қазақ лигасы бойынша 20 команда, жалпы 40 бала қатысқан турнирде мектебіміздің оқушысы Т.Данабекова   «Үздік сөз шебері» атты номинациямен марапатталды. 
  
1-наурыз алғыс айту күніне орай, өзін-өзі басқару ұйымының қатысуымен «Алғыс айту парызым» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектебімізде өткізілген аймақтық әдістемелік күнмен сәйкес келіп, келген қонақтар да алғысын білдірді. Мектеп директоры Б.Қожақанқызы  сәттілік тілеп,өз ризашылығын білдірді. 
 
 
 
   8 наурыз мерекесі қарсаңында өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі, мектептегі қыздар министрі Ә.Өмірқан және мектебіміздегі қыздар ұйымының төрайымы Б.Қасеновамен бірлесе отырып, «Көктем аруы -2022» атты қыз сыны байқауы өтті. Жарысқа қатысқан аруларымыз 4 тур ойынша өнер көрсетіп, мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. 
 
 
 
          Наурыз мерекесіне орай,Жас ұлан ұйымының қатысуымен 7 сыныпта «Салт-дәстүрім –қазынам» танымдық сағат ұйымдастырылды. Салт-дәстүр туралы түсінік беріліп, оқушылар викториналық сұрақтарға жауап берді. Мақсаты : оқушылардың бойына салт-дәстүрдің құндылықтарын дәріптеу, адамгершілік қасиеттерін дамыту.
  
Үшінші тоқсанның соңы мектебіміздің 10 сыныптарының ұйымдастыруымен «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік думанымен аяқталды. Өзін –өзі басқару ұйымының мүшелері мектеп ұстаздарына ақ тілегін айтып, бауырсақпен дәм ұсынды. 
Мектеп парламенті мүшелерінің ұйымдастыруымен би сайысы өтті. Нәтижесінде бас жүлдені  10 сынып, бірінші орынды 9 сыныптар иеленді. 
 
Мектеп кітапханашысының міндетін атқарушы Г.Момбекованың жетекшілігімен «Кітап –асыл қазына» атты сурет байқауы ұйымдастырылып, жасқырандарға жүлделі орындар берілді. 
 
Жоспарланған шаралар толық атқарылды. 
Төртінші тоқсанның жұмыс жоспарына сәйкес, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес, «Айбыны асқақ –Ата заң» атты жас заңгерлер сайысы өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп,постер қорғап, заң туралы білімдерін  көрсетті.
 
 
«Бақытты бала –болашақтың кепілі» атты балалар жылына орай ұйымдастырылған байқауда «Аргумент» командасы бірінші орынға ие болды. 
  
Жалпы білім беретін мектептер арасында өткізілген «Мағжан оқуларында» б мектебіміздің 11 сынып оқушысы Данабекова Толғанай 1 орын иеленді. 
Еңбек фракциясының мүшелерінің ұйымдастыруымен, 5-6 сыныптар арасында «Білім бәйгесі» өтті. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ою ойып, сумоншақтар жинап ,өнер көрсетті. 
  
1  мамыр «Бейбітшілік пен ынтымақ» мерекесінің қарсаңында, Жасұлан біріңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына 17 бала қабылданды. 
  
  Балаларды қолдау жылы аясында, мектеп парламентінің жұмыс жоспарына сәйкес, «Жыл оқушысы» байқауы өткізілді.    
 
Оқу жылының аяқталуына орай, мектеп парламентінің өзін-өзі басқару ұйымы, мектепішілік «Үздіктер шеруін» ұйымдастырды. Шараның өткізілу барысы, безендіру жұмыстарына, концерттік бағдарламаға толық ат салысты. 
  
25 мамыр 11 сынып оқушыларының мектеп бітіруіне орай, «Жас түлек-2022- Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты соңғы қоңырау салтанаты өтті. Жиынға аудандық ББ аға әдіскері Д.Рысбаевна келіп арнайы қатысты.   
1 маусым балаларды қорғау күніне орай, мәдениет фракциясының ұйымдастыруымен, «Біз –бақытты баламыз» атты концерттік бағдарлама қойылды. Оқушыларға Сарыбел ауылдық округінің әкімі М.Дулатов алғыс хат табыстап оқушыларға сыйлық берілді. 
 
2021-2022 оқу жылының аяқталуына орай, аттестат тапсыру кеші «Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі»деген  атпен ұйымдастырылды. [15:27, 16.06.2022] Галия Курманжановна: Алматы облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-те 2021-2022 оқу жылын аяқтаған 11 сынып түлектеріне жалпы орта білім беру туралы аттестат тапсыру кеші "Түлек 2022-Жаңа Қазақстанның ертеңі"  атпен өтті. Мектеп директоры Бағдат Қожақанқызы және мектебіміздің құрметті қонағы Панфилов аудандық білім бөлімінің бас маманы Қуаныш Мәжитұлы арнайы құттықтап, түлектерге ыстық лебіздерін білдірді. Кешке арнайы ардагер ұстаздар шақырылды.  Аттестат тапсыру кешінің арнайы тұжырымдамасына сәйкес 11 сынып оқушылары сынып жетекшісі Ғалия Құрманжанқызымен бірлесе отырып, "Ұстазыңды құттықта" акциясы, "Балаларға мейірімді жүректен" акцияларын жүзеге асырды.  Алғашқы ұстаздары мен мектеп мұғалімдеріне алғысын білдіріп, 1 сыныпқа қадам басқалы отырған 1 оқушыға мектеп құралдарын сыйлады.  Мектеп пен аяулы ұстаздарына ән арнады. 11 сынып түлектерінің арасында, 1 оқушы "Алтын белгі" , 4 оқушы "Үздік аттестат" алды. Оқу жылын  83 пайыз білім сапасымен аяқтаған болатын. Түлектерге тек , ақ жол тілейміз. Алар асуы биік болсын!
 
 
Жыл бойы жоспарланған шаралар толық атқарылды. 
      Жоғарыда аталған іс –шаралардың SWOT талдауын көрсетсек, төмендегідей :
Жақсы жағы 
Әлсіз жағы Мүмкіншіліктер 
  1. Оқушылар іс –шараларға белсене қатысады.
  2. Ата –аналардың тарапынан өте жақсы қолдау көрсетіледі. 
  3. Аудандық , облыстық деңгейдегі іс-шаралға қатысты. 
  1. Республикалық сайыстарға  көбірек қатысу.
1. Бірін –бірі бағалауы 
2. Ата-ана, оқушы, мұғалім     арасындағы сенім мен сыйластықты жандандыру.   
3. Психологиялық ахуал тудыру.
4. Оқушы жұмысын жандандыру, жауапкершіліктерін арттыру
 
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жыл бойы жүргізген қорытындысына сәйкес, мектеп формасы, оқулық сапасы , күнделік ұстауы жақсы де