атқарылған іс-шаралар туралы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » атқарылған іс-шаралар туралы
01
сентябрь
2020

атқарылған іс-шаралар туралы

1 –мамыр ынтымақ пен бірлік күні, 7–мамыр Отан қорғаушылар күніне орай, Ұлы Жеңістің 75 жылдығығы қарсаңында, барлық сыныптар бейнероликтер жасау, өлең оқу, эссе жазу , сурет салу сияқты шығармаларды ынтамен орындады.
Облыстық «Жетісу адалдық алаңы» жұмыс жоспары аясында бас маман Ж.Болатовпен диалогтык кездесу болды. Кездесудегі талданған мәселелер мектеп ұжымы мен ата-аналарға жеткізілді.
ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай, танымдық бейнеролик жасалынып, оқушыларға таныстырылды.
25 – мамыр өткізілетін қашықтық сабағының күн тәртібіне «Адал ұрпақ» ұйымының жұмысы туралы таныстырылым жасалды.
Еліміздегі пандемияға байланысты 1 –маусым балаларды қорғау күні де қашықтықтан өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары арасында шығармашылық байқау өткізілді. Балаларды қорғау күніне орай, мектеп әкімшілігі демеушілік көрсетіп, тұлдыр жетім балаларға сыйлық жасады.
Нұр-Сұлтан қаласына арналған «астана» күніне орай Ғ.Абдрахманованың жетекшілігімен Нұр-Сұлтан қаласы туралы қызықты мәліметтер, қаланың тарихы бейнеролик түрінде жасалып, оқушыларға ұсынылды.
Жетісу адалдық алаңының нұсқаулығына сәйкес, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, «Әл Фараби және қайырымды қоғам» атты адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағаты аясында бейнеролик жасалып және Жетісу адалдық алаңы дайындаған бейнематериал таныстырылды.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жыл бойы жүргізген қорытындысына сәйкес, мектеп формасы, оқулық сапасы , күнделік ұстауы жақсы деген бағаға ие болды.

Похожие публикации:

01 сентябрь 2020 Білім күні