2021-2022 оқу жылындағы тәрбие орынбасарының свот талдауы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылындағы тәрбие орынбасарының свот талдауы
20
июнь
2022

2021-2022 оқу жылындағы тәрбие орынбасарының свот талдауы

2021-2022 оқу жылының тәрбие саласы бойынша жылдық қорытындысы
  Панфилов аудандық АПБ-нің ЖПҚБ-ның ЮПТ учаскелік полиция инспекторымен Темірдан Тажиковпен мектеп оқушылары арасында құқықтық тәрбие жұмысын жүргізу және профилактикалық іс-шаралар өткізу бойынша 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бойынша қорытынды.
     Қыркүйек айында  санитарлық эпидемиялогиялық жағдайды ескере отырып,мектеп инспекторы  Т.Тажиков 8-11 сыныптармен кездесу өткіздіү
 Мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматы мен азаматшаларының құқықтары , жасөспірімдер арасында қылмыс немесе заң бұзушылық болған жағдайда қылмыстық кодекстің қандай бабы мен қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін түсіндіру. Оқушыларға түнгі сағат 23-00 ден кейін заңды өкілі жанында болмаған жағдайда парктерде,ойын сауық орталықтарында жүрсе ата-аналарына айыппұл салынатыны ескертіп айтылды.
 Ақпан айында  «Мен және менің құқығым» онкүндігі іс-шара жоспарына сәйкес мектеп инспекторы- Тажиков Темірлан оқушыларға құқық және заң туралы түсінік берді. Мектеп психологі С.Ахметова тренинг жүргізіп, сауалнама алды.
     07 сәуір күні 10-11 сынып оқушылары және мектеп ұжымына Панфилов ауданының прокуроры С.Қ.Иманбеков, мектеп инспекторы Т.Тажиков және аудандық білім бөлімінің әдіскері Кощеғұлова Мөлдір Ержанқызы жиналыс өткізді. 
Күн тәртібінде :                                                                                                                        
«Алаяқтық -және құқықбұзушылықтың алдын алу»       
   Мақсаты:  Жасөспірімдер арасында алаяқтық және құқықбұзушылық»  кәмелетке толмағанадар арасында болатын құқықбұзушылық әрекеттерге байланысты қолданыдыатын шаралар туралы түсінік беру.
27 –сәуір күні инспекторы Мектеп инспекторы- Т.Тажиков басатуыш сынып оқушыларына жолда жүру ережелерін түсіндірді.ДТІЖО-Л.Уразбекова «Жолда жүру ережелері» тақырыбында   бейнероликер көрсетті. 
Мектеп инспекторы- Т.Тажиков жоғары сыныптарда «Зорлық зомбылықтың алдын-алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында түсіндіріп өтті. Е.Ибраимов және дінтану пәні мұғалімі Б.Байтурованың бірлесіп дайындаған «Зорлық зомбылықтың алдын-алу» баяндамасы тыңдалып,түсіндірілді. Мектеп медициналық қызметкері Алмас Қожа оқушы қыздарға «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында бейнеролик көрсетіп, баяндама оқыды.
 
                                   
Діни экстемизм және терроризм бағыты бойынша істелген жұмыстарға анықтама
              Қыркүйек айында  мектептің педагог- психологі  С.Ахметова 8-11 сынып оқушыларынан  терроризм актісінің қауіп төнген жағдайда немесе терроризм актісі жасалған жағдайда мінез-құлық дағдысын анықтау бойынша мектеп оқушыларына арналған сауалнамалар алды.
       Мақсаты: Оқушылардың терроризм актісінің қауіп төнген жағдайда тығырықтан шығуға деген көзқарасын анықтау.
  Желтоқсан айында ДТІЖО-Г.Бекдаулетова террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынамамен мектеп ұжымын таныстырды.
Мақсаты:   Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жадынамамен таныстыру.Күдікті тұлға ненмесе күдікті заттар табылған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау керектігін түсіндіру
Ақпан айында дінтану пәні мұғалімі Б.Байтурова «Діни сауаттылық заман талабы» тақырыбында 10-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. 
 Мақсаты: Өз Отанын сүюге,  салт-дәстүрін ұстануға, тарихын қастерлеуді түсіндіру және  діни сауаттылықтарын арттыру.
Мамыр айында ДТІЖО «Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс әрекеті» тақырыбында баяндама әзірлеп 8-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді.
Мақсаты: Террористік шабуыл кезінде білім алушылардың іс әрекетімен таныстыру.
                    Жаңа қазақстандық   патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие 
             Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа, заңсыздыққа қарсы түратын, баламен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру.
2021-2022 оқу жылында  Жаңа қазақстандық   патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты бойынша 1сыныпқа  «Кел балалар оқылық!» салтанатты жиыны өткізілді.2-11 сыныпарда «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өтілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай мектепішілік көрмелер қойылып, ең үздік жұмыс бойынша оқушылар марапатталды. Мектеп лигасы бойынша дене шынықтыру пән мұғалімдері  мектепішілік баскетболь, волейбол, шахмат, теннистен жарыстар өткізді. Жоғары дәрежеде нәтижеге жеткен оқушылар аудандық  спорттық жарыстарға қатысты.  командалық, жекелей  қатысып жүлделі орындарды иеленді.
«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» апталық аясында «Рух қаһармандары» деректермен таныстыру жоба қорғау сайысы өткізілді.
Талдықорған қаласындағы үстел тенисінен облстық чемпионатта командалық есепте 1 орын алды. Ал жекелей Е.Тұрлығазы 3орын,МүДаулетхан 1 орын   иеленді. Жетекшісі денешынықтыру пәнінің мұғалімі Е.Есенов.
Н.Н.Головцкийдің 110 жыл толуына орай өткізілген аудандық жарыста жүлделі 1 орын иеленді
1 желтоқсан Тұңғыш президент күнініе орай 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді
  «Ата-Заң-адам құқығының арқауы»   тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Жас Ұландықтар «Туған жер»тақырыбында көркемсөз оқудан челлендж ұйымдастырды.
Айбыны асқақ –Ата Заң тақырыбында  «Жас заңгер»  байқауы өтті
 Адандық «Адал ұрпақ» слетіне 11 сынытан 4 оқушы қатысты. Жоба қорғау бойынша 3 орынға ие болды. Ай сайын «Адал ұрпақ» клуб бойынша 1-11 сыныптарда адалдыө сағаттары жоспарға сай өткізілді.
«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 5-11 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Бірыңғай «Жас Ұлан»,  «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінң қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өтті.
  Ұлы Отан соғысына 77 жыл толуына орай барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. 10 сынып жетекшісі А.Қасымова жетекшілігімен ауыл қариясы Амиров Мырзахмет және Иманғалиев Нұрбосын аталарымызбен кездесу ұйымдастырылды. 
Бастауыш сынып оқушылары Кеңес Одағының батыры Хамит Қожабергенұлы Көбіковке арналған бұрышпен танысты.
«Ер есімі- ел есінде» тақырыбында бейнероликтер түсірілді.
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай сынп сағаттары өткізілді. 
«Ер жігіт ел қорғаны» тақырыбында мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен кқрме өткізілді.
20 мамыр «Үздіктер шеруі»  өткізілді.
25 мамыр күні «Түлек2022 Жаңа Қазақстанның ертеңі» тақырыбында соңғы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді.
4-маусым Қазақстан Республикасының Мемлекетік рәміздерінің 30 жылдығына орай мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Рәміздерім мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен, дәстүрлерімен келісетін рухани адамгершілік және этикалық қағидаларын,оның моралдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту. «Рухани жаңғыру құндылықтары негіздерінің, оның ішінде «Құндылықтарға негізделген білім беру», «Қоғамға қызмет»жобаларын асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру.
«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы » апталығында «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысы,   «Руханилықтың мөлдір бұлағы» көрмесі   өткізілді.
 Сәуір айында  сынып жетекшісі Л.Уразбекова «Ана өмір шуағы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Бөбек шағын орталық тәрбиешілері «Асыл жан-ана»тақырыбында ертеңгілік өткізді.
Ұлттық тәрбие
Жеке тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға , ана тілі және мемлекеттік тілге қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көрсетуге бағыттау
Қыздар ұйымының төрайымы Б.Қасенова «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысын өткізді.
1-наурыз күні педагог ұйымдастырушы –Ғ.Абдрахманова  алғыс айту концертін ұйымдастырды.
Қыздар ұйымының төрайымы Б.Қасенова қыздар клубының министрі Ә.Өмірханмен бірлесіп 10 сынып жетекшісі 7-11 сынып оқушылары арасында  «Көктем аруы -2022»байқауын өткізді.
А.Қасымованың ұйымдастыруымен «Наурыз -Думан» тақырыбында мерекелік іс-шара өткзілді. Мамыр айында «Жігіт сұлтаны  2022»байқауы өткізілді.
Отбасылық тәрбие
Ата-аналарға білім беру, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және балаларды тәрбиелеу жауапкершілігін арттыру.
Аудан көлемінде өткен «Бақытты бала –болашақтың кепілі» турнирінде мектебіміздің «Аргумент» командасы 1 орын иеленді.
«Мәдениетті ана- мәдениетті ұлт»Респектепубликалық жоба Жол картасына сәйкес мектеп психологі-С.Ахметова «Менің Отаным-менің отбасым» тақырыбында оқушыларымен тренинг өткізді.
 «Әкеме хат» тақырыбында 8сыныптар эссе жазды.
«Бақытты ана-бақытты балалар» тақырыбында ата-ана комитетімен бірлескен жиналыс өткізілді.
2021-202 оқу жылында мектеп психологі-С.Ахметова  «Отбасы тәрбиебастауы» тақырыбында  ата-аналар комитеттері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
5-7 сынып оқушылары «Мен және менің отбасым» тақырыбында қабырға газетін шығарды.
«Мен және менің отбасым» тақырыбында бейнероликтер даярланды.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 
Кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыруғ экономикалық ойлауды және тұлғаның 
экологиялық мәдениетін дамыту. 
«Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс аяында оқушылар тоқыма өнерін үйреніп, қолөнербұйымдарын жасады. 
Елімізге қажетті мамандыө түрлерімен таныстыру және сол салада атқарылатын жұмыстар туралы оқушыларғы түсінік беру мақсатында А.Муқашбайдың жетекшілігімен «Мамандық таңдау» тақырыбында түсіндік жұмыстары жүргізілді.
«Таза ауланы бірге жасайық» челенджі бойынша ұжым мүшелері, мектеп оқушылары   мектеп ауласын абаттандырып, гүл көшеттерін отырғызды.
Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу
МАД пән мұғалімі Г.Адисбекова «Жануарлар достығы» тақырыбында театрландырылған қойылымдар өткізді.
«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»  апталығында «Біз бақытты баламыз»фестивалі, сырласу сабағы   өткізілді.
Ақпан айында М.Мақатаевқа арналған «Поэзия» тақырыбында ақынның өлең жырланын оқудан кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерінғ көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы бойынша мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
Мектеп кітапханашысы Г.Момбекова  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап асыл қазына» тақырыбында саяхат сабағын өткізді.
Ұйымдастырушы педагог Ғ.Абдрахманова «Салт-дәстүрім қазынам»тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырып, өткізді.
4- сәуір күні   Халықаралық интернет күніне орай «Ғаламтор және бала денсаулығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
«Оқуға құштар мектеп»аясында  мектеп парламентінің мүшелері оқыған кітаптарының мазмұны айтып, пікір алмасты. Жетекшісі Г.Момбекова
«Жыл оқушысы -2022» байқауы өткізілді.
«Аталар жолымен-әкелер ізімен» тақырыбында ауыл әкімі Мерей Тұрсынұлымен жоғары сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.
Мағжан Жұмабаевтың қмірі мен шығармашылығын танысттыру мақсатында кітапханашы Г.Момбекова танымдық сағаттар құйымдастырып өткізді.

 
 

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие
Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның қнер мен шынайылыққа эстетикалық обьектілерді қабылдауға , меңгеруге бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде ұшқыр ой алаңы, «мектеп оқушыларының дебаттық қозғалысы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарында полимідени орта құру.
Сәуірдің 29 күні «Бейбітшілік ел тірегі» тақырыбында 7 «Ә» сынып жетекшісі Д.Метербайдың ұйымдастыруымен ашық тәрбие сағаты өткізілді.
«1-мамыр халықтар достығы күні» тақырыбында шағын орталық тәрбиеленушілерімен ертеңгілік өткізілді.
4 сыныптарда «Бала шақтан болашаққа» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.
8 сынып оқушылары  «Жауынгерлік Даңқ» музейіне, «Уалибай» мешітіне және «Әулиеағаш» жеріне 1- күндік саяхатқа барды.
1-маусым күні педагог ұйымдастырушы- Ғ.Абрахманова мен ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әнші балапандар» концерттік бағдарламасын ұйымдастырып өткізді.
«1-маусым балаларды қорғау күні» тақырыбында шағын орталық тәрбиеленушілерінің ертеңгілігі өткізілді.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты
Салауатты өмір салыт дағыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру.
«Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» апталық аясында Адал ұрпақ клуб мүшелері флешмоб ұйымдастырды.
1-11 сыныптарды «Бала қауіпсіздігі басты назарда» , «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Салауатты өмір салтын ұстану, оқушылардың спорттық ойындаға деген қызығушылығын арттыру мақсатында8 сынып оқушылары арасынада баскетболдан жарыс ұйымдастырылды.
Оқушылардың суға шомылу, жазғы мезгілдегі өмір қауіпсіздігін сақтау үшін ауыл маңындағы су жағалаулары маңындағы қауіпті аумақтарды суретке түсіріп, оқушыларға таныстырылды.
25 мамыр күні 1-11 сыныптарда ата-аналар мен оқушылармен бірлескен жиналыс өткізілді. Жаз мезгіліндегі қмір қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы түсінік жұмыстары жүргізілді.
«Қауіпсіз жазғы демалыс» тақырыбында Жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.