"Адал ұрпақ" клубының атқарылған жұмыстарының есебі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Адал ұрпақ" клубының атқарылған жұмыстарының есебі
15
март
2022

"Адал ұрпақ" клубының атқарылған жұмыстарының есебі

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2020-2021 оқу жылындағы іс –шаралар жоспары бойынша атқарылған жұмыстары
Бірінші тоқсан
2021-2022 оқу жылына «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс жоспары құрылып, талқыланды.
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес, Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай, "Ағартушының адалдық жолы" атты адалдық сағаттары өткізілді. Мақсаты: Тұңғыш педагог туралы танымдарын кеңейту, өнегелі істерге баулу, адалдыққа шақыру. #Адалұрпақ #Алтынсарин180жыл


Алматы облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-тің оқушылары аудандық "Адал ұрпақ" слетіне қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды. Клуб мүшелері сурет, жоба, ән номинациясы бойынша өнер көрсетті. Мектеп намысын қорғап, өздеріне тапсырылған намысты арқалаған шәкіртерімізге тек сәттілік тілейміз.


"Адал ұрпақ" және Өзін- өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен, 7-10 сынып оқушылары арасында "Күз аруы" байқауы қашықтан өтті. Таныстыру, Шебер қолдар, Сән өнері бойынша қыздарымыз өнер көрсетті. Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту, адал еңбектің мәнін ұғындыру

Панфилов ауданы Көбіков аом-те 11 сынып оқушылары арасында педагог-ұйымдастырушы Ғ.Абдрахманованың жетекшілігімен "Адалдық сағаты" өткізілді. Оқушылар адалдық туралы эссе жазды.
"Net-corr"ұйымының ұйымдастыруымен өткен, тікелей эфирде жүргізілген кездесуге мектеп директоры Бағдат Қожақанқызының басшылығымен , Жастар ұйымы мен 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясат қалыптастырудағы парасаттылық рөлімен, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру тетіктерімен, парасаттылық тұжырымдамасының ұлттық негіздерімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық тәжірбиемен таныстырып өтті. Сыбайлас жемқорлық туралы оқушылар да толық танысты.бірінші тоқсан бойынша шаралар толық жүзеге асты.

Екінші тоқсанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру» атты А дал ұрпақ клуб отырысы өтті. Отырыс барысында оқушылар арасында адал ұрпақ мәдениетін қалыптастыру, парасатты азаматты тәрбиелеу жолдары түсіндірілді. Отырыс соңында республикалық эссе, сурет байқауына оқушы дайындау, жұмысын сайтқа орналастыру қозғалды.
«НЕТКОРР» ұйымдастырған байқауда оқушыларымыз арнайы сертификатпен марапатталды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, көркем еңбек пәні мұғалімдері Л.Уразбекова , Е.Майкутовтың жетекшілігімен көрме ұйымдастырылды. Мақсаты : оқушыларды адал еңбекке тәрбиелеу, тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру.

Адал ұрпақ ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес, «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстары ұйымдастырылды.

Ақпан айында, 1-11 сынып арасында «А.Байтұрсыновтың адалдық жолы» атты сынып сағаттары өткізілді.