2021-2022 оқу жылында педагог-психологтың жұмыстарының есебі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2021-2022 оқу жылында педагог-психологтың жұмыстарының есебі
20
июнь
2022

2021-2022 оқу жылында педагог-психологтың жұмыстарының есебі

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2020-2021 оқу жылында психологиялық қызмет бойынша  жүргізілген жұмыстардың есебі
2020-2021 оқу жылында  мектепішілік   психологиялық қызметтің жылдық  жоспары құрылып,  мектеп директорымен бекітілді. Жыл бойы психологиялық жұмыстар төмендегідей бес бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі:
1. Психодиагностика
2.Дамыту-түзету  / коррекция/   жұмыстары
3.Психологиялық ағарту және сақтандыру жұмыстары
4.Психологиялық кеңес беру
5.Әлеуметтік –диспетчерлік  қызмет
   1- сынып оқушыларның мектепке  бейімделуіне байланысты жүргізілген психологиялық профилактикалық диагностикалық   жұмыстары алынды.                              
 Мақсаты: Баланың мектепке дайындығын, яғни есте сақтауын, ойлауын және зейінінің  даму барысын айқындау.
2020-2021 оқу жылында   1-ші сыныпта 20 оқушы бар. 
  1. сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау барысында  оқушылармен психологиялық, профилактикалық, диагностикалық  жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында төмендегідей жұмыс түрлері ұйымдастырылды: 
- « Керн-Иерасек» тесті;
- Ер баланың суретін салу ;
- Жазба әріптерін көшіріп жазу;
- Нүктелер топтамасы;
         Қорытынды:Оқушыларды мектеп оқуына бейімделуін бақылау бойынша , барлығы 100 ге дейін  санайды, әріптерді біледі, геометриялық фигураларды біледі, түстерді ажырата алады.  Математикадан азайту, қосу, тең белгілерін біледі. Кітаптан көшіріп жаза алады.  Жалпы 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі жақсы 80% көрсетеді. Оқушылардың көңіл күйін көтеріп,қарым қатынастарын жақсарту мақсатында психологиялық тренинг жүргізілді.
Кемшіліктер: оқушыларды жылдамдыққа үйретпеу, өз ойын толық жеткізгенше көңіл бөлу.
             Мұғалімдерге кеңес:
  1. Жастайынан бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнатуға тырысыңыз. Ақыл ойды дамытатын бірнеше тапсырмалар беріңіз.
  2. Ешқашан балаға бұйрық беру арқылы оқытпаңыз. Бұл еш нәтиже бере алмайды. Баланың әрқайсысымен дос ретінде қатынаста болыңыз, мүмкін сізден көмек керек шығар. Кейбір пәндерді меңгеруде қиындық туып жүрсе көмектесіңіз. Ол сізге сенетіндей болсын.
  3. Баланы сабақтан кейінгі уақытын тиімді пайдалануы жөнінде ата-анасына түсіндіріңіз. Үй тапсырмасын орындап, демалып, компьютерге отыру уақыттарын белгілесін, үйдегі уақытын тиімді пайдалансын.
Ата-аналрға кеңес: 
  1. Балаңыздың уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз.
  2. Мектеп туралы жаман айтпаңыз. Баланың көзінше мұғалімдерді сөз қылмаңыз.
  3. Бала  тапсырмаларға,мектептен әкелген кітаптарына сіздің қызығушылық танытып,қадағалайтыныңызды көрсін.
  4. Өзіңіз оқыңыз ,бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін,көрсін.
  5. Балаға өз ойын жазбаша жеткізуді үйретіңіз:онымен хат жазып алмасыңыз,бірге хат жазыңыздар.  Егер бала сізбен қатты әсер алған оқиғасымен бөлісссе-сол оқиға жайлы әңгіме құрастырып жазуын өтініңіз,ал кешкісін оны барлық отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.
2. 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
Мақсаты: 5-сынып оқушыларының бір-бірімен қарым-қатынасын, пәнге көзқарасын,  мұғалімдерге   деген көзқарасын анықтау.
   5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу кезеңінде, психологиялық турғыда жайлы жағдай жасауына мынадай диагностикалық жұмыстар өткізілді. Мектепке келу мотвациясын анықтауға, жаңа қосылған пәндерге оқушының көзқарасын,   сыныптастарымен,сынып жетекшісімен,жаңадан сыныпқа келген оқушылармен, пән мұғалімдерімен, қарым-қатынасын анықтау мақсаттарда, оқушылармен психо-диагностикалар  өтізіліп тұрды. (тест,сұрақнама,тренинг жаттығулары, әңгіме)  және ата-аналаға онлайн кеңес берілді,   оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін талқылап ұсыныс, ақпараттар беріліп отырылды. 5-сыныптардың оқушыларының бейімделуі жақсы сәтті өтті.
Бейімделу барысында оқушылардың темпераменті анықталды, сабаққа қызығушылығы бойынша сауалнама алынды.
Кеткен кемшіліктер: оқу үлгерімі төмен оқитын,  оқушылармен жұмыс жүргізу.
Ұсыныстар:
      5-сыныпта оқушының оқытуға табысты бейімделуі бастауыш және орта буындар арасындағы байланыстың жалғастылығына байланысты болды. Бұл кезде дамудың жасөспірімдік кезеңіне аяқ басатын 10–11 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктеріне, 5-сыныпқа көшкен баланың таным әрекетінің деңгейіне талдау жасау қажет; бейімделу кезеңінің табысты өтпеу себебіне және оларды жеңе білудің мүмкін жолдарына талдау жасау керек. Қыркүйек–қазан айларында сынып жетекшісі сыныпқа мінездеме жасап, пән мұғалімдерімен бірге әрбір балаға баға беруі тиіс. 
  1. Мектепшілік есепте тұрған  оқушылармен психологиялық түзету-дамыту жұмыстары.
Мақсаты: Оқушыларды сабырлыққа,мейірімділікке, өзгенің көңіл-күйін түсіне білуге баулу.
Тәрбиесі қиындық туғызатын, үлгерімі төмен оқушылар есепке алынып жұмыс жүргізілді. Оқушылар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында келесі  психологиялық жұмыстар өткізілді.
Психологтың жұмысы үнемі мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен ағарту, түзету жұмыстарын жүргізеді. Психологиялық зерттеудің әдістері сауалнама, әңгімелесу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың тұрмыстық және тәрбие жағдайын зерттеу, шығарма жазу жұмыстары. 
Мұғалімдер мен оқушылармен  «Жасөспірімдердің  өз-өзіне қол жұмсауы»  ең өзекті мәселелері.  Суицид түрлері, суицид әрекеттері, суицидтің ерекшеліктері, суицидтік мінез-құлықтың алдын- алу жолдары жайлы айтып түсіндірдік. 
2020-2021 оқу жылына арналған кәмелетке толмағандар арасында
суицидтік мінез-құлықтың   алдын –алу жөніндегі іс-шаралар. 
    Өткізілген іс-шара мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы суициалды мінез-құлықтың алдын-алу.
Жалпы мектеп оқушы саны: 286
Кәмелетке толмағандар арасында суцидтік мінезді ескертку және оның алдын алу мақстаныда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Уразбекова, мектеп психологі-А.Колдаспекова, мектеп медбикесі- Көжекова Жанар бірлесе отырып жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.
   ДТІЖО- Л.Уразбекова, мектеп психологі-А.Колдаспекова  және сынып жетекшілермен бірлесе отырып тұрақты түрде   сәтсіз жанұяларды анықтау   жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезге дейін сәтсіз жанұя анықталмады.
    Қыркүйек айының екінші аптасында ата-аналар комитетімен санитарлық талаптарды орындай отырып, «Сіз өз балаңызды білесіз бе?» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнамаға 8 ата-ана келіп, 50 ата-ана гугл формасы арқылы жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар өз балаларының мінез-құлық ерекшеліктерін, оқушы бойындағы қасиеттерін, оқу пәндеріне қызығушылығын және балалардың қандай кәсіби мамандыққа  икемділігі бар екенідігі анықталды.
Қыркүйек айының төртінші аптасында «Ата –ана мен бала арасындағы қарым қатынас»  туралы бейнероликтерді, ата-аналар чаттарына жіберу арқылы кері байланыс алды.
Мақсаты: Адамзатты тәрбиелеу өте ұзақ және күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы,оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау алады. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік екенін түсіндіру.
 Қазан айында «Жасөспірімдердегі   суициалды мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында баяндама жазып, сынып жетекшілер арқылы ата-аналар чаттарына жіберді. Баяндама бойынша  ата-аналардан кері байланыс берді.  Ата аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Қараша  айында 7-11 сынып оқушылар арасында суицидтік бағыттылықты анықтау СБА әдістемесі бойынша «Тұлғалық сауалнама» гугл формамен алынды.
Мақсаты: 13-18 жасар жасөспірімдердің суицитдік қауіпті ұстанымдарын анықтаудағы бағдарланған әдістеме ретінде құрылған. Әдістеме депресиялық, невротикалық жағдайды және қарым-қатынас деңгейін анықтауға бағытталған. 
  Жалпы шкала саны 4, негіздеме саны 74.
І шкала «Ш» - шыншылдық шкаласы.
Нәтиженің шынайылығын бағалайды.  8-10 балл шыншылдықтың жоғары деңгейі; 4-7 балл – орташа деңгей; 0-3 балл шыншылдықтың төмен деңгейі, бұл әлеуметтік қолдауға бағдарланған, жауапты шынай деп бағалауға болмайды.
ІІ шкала «Д» - депрессивтілік шкаласы.
Депрессивті жағдайға бейімділігін анықтайды.  17 – 21 балл жоғары, бұл белгілердің эмоционалдық көңіл-күйіне, жүріс-тұрысына, өз-өзіне және қоршаған ортаға қарым – қатынасында болуын сипаттайды.
8-16 балл орташа деңгей, 1 – 7 балл төмен деңгей.
ІІІ шкала «Н» - невротизация шкаласы.
Невротизм деңгейін анықтайды.  17 – 21 балл жоғары баға эмоционалдық тұрақсыздық, қобалжу негізінде көрінетін невротикалық синдромға тән келуі мүмкін.
ІV шкала «Қ» - қарым-қатынас шкаласы. 
Қарым-қатынас деңгейін анықтайды. 17-21 қарым-қатынастың жоғары деңгейі.  8-16 балл – орташа деңгей, 1-7 балл төмен деңгей. Қарым қатынастың төмен деңгейі депрессивтілік пен невротизацияның жоғары көрсеткішімен сәйкес келуі зерттелушінің суицидтік қауіпті ұстанымының белгілері, яғни, «өлімге пассивті келісім беру» болып табылады. 
Көрсеткіштік кесте
Деңгейлері «Ш»«Д»«Н»«Қ»
Жоғары деңгей638%-
Бар-39%
Орташа деңгей1062%744%Жоқ100%1381%
Төмен деңгей-
956%



Қорытынды
          Оқушыларға 74 сұрақтан тұратын суицидтік бағыттылықты анықтауға (СБА) арналған сауалнама берілді. Олар әр бір сұраққа «келісемін» және «келіспеймін» деп жауап беруге тиіс болатын. Сауалнаманың нәтижесі әр бір оқушының жауабына сай 4 критерий бойынша шығарылады.
      Көрсеткіштік кестеге және диаграммаға қарасақ, шынайылық шкаласы бойынша сыныптың 38%-ы жоғары деңгейді, 62%-ы орташа деңгейді көрсетіп отыр.  Төмен деңгей жоқ. Бұл өте көңілге қонымды жағдай. Мәселен, оқушыларымыз толық ашылды демесек те, олардың басым бөлігі шынайы жауап беруге ұмытылғандары. Депрессивтілік жағдайыдың орташа деңгейін  сыныптың 44% және төмен деңгейін 56%-ы көрсетіп отыр. Невротикалық жағдай ешбір оқушыда жоқ. Ал қарым-қатынасқа тез түсе алатын оқушылар  сыныптың 9%-ын құрайды, сыныптың 81%, яғни қалған басым бөлігі  қарым-қатынасқа орташа деңгейде түсе алады. Сыныпта қарым-қатынасқа аса тез түсе алмайтын, яғни төмен деңгейді көрсетіп отырған  оқушылар жоқ. Депрессивтілік шкаласы бойынша орта деңгейді көрсетіп отырған оқушылармен сынып жетекші және психолог тарапынан, жекелеген  жұмыстар жүргізілуі керек.
Сауалнама нәтижесінде оқушылар арасында ешқандай деректер анықталмады.
Өмірдегі «қиын» жағдайдан шығу үшін «жеткіншекке жадынама» бұрыш ұйымдастыру «Сенім телефоны» нөмірлерін насихаттау, тарату мақсатында  «Сенім телефоны» тұрақты түрде жұмыс істейді, және сол туралы ақпараттар оқушылар да, ата-аналар да хабардар. Қандай жағдайда болмасын мәселенің шешілетін қиын жағдайдан шығу әрекетінің бар екендігін оқушыларға психологиялық оқу іс-әрекетінің және сауалнама барысында да түсінік жұмыстары жүргізіледі.
«Адам құқығы, бала құқығы» онкүндігіне орай 7-11 сыныптардан «Өз құқығыңды білесің ба?» атты сауалнама алынып, жалпы ата – аналар чаттарына слайд түрінде кеңес берілді.
Қатысқан оқушылар саны: 98
 
  1. 7 «А» - 20 оқушы
  2. 7 «Ә» - 16 оқушы
  3. 8 сынып – 15 оқушы 
  4. 9 «А» - 15 оқушы
  5. 9 «Ә» - 16 оқушы
  6. 10 сынып – 6 оқушы 
  7. 11 сынып – 10 оқушы
 Қорытынды: Сауалнама қорытындысы бойынша оқушылар өз құқықтарын білетіндігі анықталды.
Қатігездік пен зорлық-зомбылыққа байланысты «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында жасырын сауалнама алынды. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың баланың психо – эмоционалды дамуына әсері» атты слайд ата-аналар чаттарына жіберілді.
Сауалнамаға жалпы 7-11 сынып оқушылары қатысты.
Қатысқан оқушылар саны – 91
Қатыспаған оқушы саны – 19
Тақырыбы: Жыныстық сипаттағы және зорлық-зомбылық.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық жыныстық сипатын анықтау. 
Қорытынды: Оқушылардан сауалнама алмас бұрын жоғарыда аталған тақырып бойынша слайд жіберіліп, кеңес берілді. Сауалнама қорытындысы бойынша зорлық – зомбылыққа қатысты оқушылар арасында ешқандай деректер анықталмады.
«Қыз - ұлт болашағының анасы» тақырыбында жиналыс өтті. Баяндама оқылып, «Қыз бала тәрбиесі қандай болу керек?» атты сауалнама алынды. Нәтижесінде 
 Сауалнамаға жалпы 7-11 сынып қыздары қатысты.
Қатысқан қыздар саны – 38
Мақсаты: сауалнама мақсаты оқуға деген қызығушылығын анықтап, ерте жүктілік туралы ақпарат беру
Қорытынды: 7-11 сынып қыздар арасында сауалнама алынып, нәтижесі шығарылды. Қыздар өздері туралы толық әрі шынайы жауап жазды. Қыздар арасында ерте жүктіліктің қыз тағдырына әсерін жақсы біледі. Мектепте ерте жүктілікке тап болған қыздар анықталған жоқ. Сауалнама бойынша көп қыздар «Ерте жүктіліктің алдын алу жолдары туралы» толық таныс емес.
Ұсыныс: 
Мектеп медбикесі ерте жүктіліктің алдын алу жолдарымен таныстыру, ақпарат беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сынып жетекшілерге:қыздарға арналған ырым-тыйымдар туралы түсінік беру жұмыстарын жүргізу. Қыздардың ата-аналарымен байланыс жасап, қыздарға тәрбие берудің тиімді жолдарын түсіндіру.
   Кез келген уақытта қол жетімді болу үшін мектебімізде «жеткіншекке жаднама» бұрышы ұйымдастырылған «Сенім поштасы» жұмыс істейді.
        Педагогтар тарапынан жәбірлеу, қолдану жағдайларына алдын алу үшін мұғалімдермен оқушылар арасындағы қарым қатынасқа бақылау жасау үшін анонимдік сауалнама  алынды. 
        Сауалнама қорытындысы оң нәтиже көрсетті мектеп мұғалімдер мен оқушылар арасында сыпайылық қарым қатынас орнаған. Бір-біріне құрмет байқалады.
     2021 жылдың  03 наурыз күні карантиндік ережені ұстана отырып, шағын топтағы ата-аналармен «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлық танытуының алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. 
 Мақсаты: Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлық танытуының алдын алу бойынша ата-аналарға түсінік жұмыстарын жүргізу.
Жиналыс барысында «Сіз қандай ата-анасыз?» тақырыбында сауалнама алынды.
2021 жылдың 01 наурыз күні ватсап желісінде «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»  тақырыбында 1-11 сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
 Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің бала өміріндегі маңыздылығын түсіндіру,жасөспірімдердің депрессияға ұшырауының алдын-алу.  Баяндама чаттар арқылы ата-аналарға жіберілді.
 Сынып жетекшілер ата-аналардан кері байланыс алды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Қорытынды: Мектептегі психологиялық ахуалды қалыптастыруда атқарылған жұмыстар бойынша. Балаларға психологиялық диогностикалық карталар  толтырылды, жаңадан келген оқушыларды мектепке, сынып ұжымына бейімдеу мақсатында  (жаңа оқушы,) ер балармен және қыз балалармен жеке жұмыстар жүргізілді. Сынып жетекшілермен тығыз байланыста жұмыс істедік.
Кемшіліктер: мектепшілік есепте тұрған оқушылармен, ата-аналарымен жиі кездесіп,әңгімелесу.
Ұсыныстар: Тәрбиесі қиындық туғызатын оқушылармен  сынып жетекшілері көңіл бөліп,уақытында жұмыс жасаса.
4.9-сыныпдарда оқушылардың кәсіби ой-ниетін,бағытын анықтау
Мақсаты:оқушыларға  болашақ мамандықты таңдауға көмектесу. Мамандық әлемі оның ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
9-сыныпдарда оқушылардың кәсіби ой-ниетін,бағытын анықтау мақсатында А.Е.Голомшток әдістемесі бойынша сұрақнама,тесттер алынып болжау қорытындысы анықталды. 
9 сынып оқушыларына арналған мотивациялық кеңестер берілді. Кәсіби бейімділігіне байланысты тест жұмысы алынды. «Сенімділік менің серігім» атты тренинг өткізілді. Ата-аналар чаттарына «Мамандық таңдауда бағыт – бағдар беру» атты видеоролик жіберілді, ата-аналар танысып кері байланыс жасады.
  Жалпы 10-сыныпқа қалатын оқушылардың бағыттары жаратылыстану бағытты   таңдап отыр.
Қорытынды: 9-сынып оқушылары өз-өздеріне сенімді, өздерінің таңдап отырған мамандықтарын жақсы біледі. Жалпы  9-сыныптардың бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы.
5.ҰБТ-тапсыратын оқушылармен психалогиялық жұмыс
Мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын анықтау. Таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау . мамандықа деген жауапкершілігін, сенімін қалыптастыру.
2020-2021 оқу жылында 11-сынып оқитын оқушылар 11.  Олардың күнделікті көңіл-күйлеріне назар аударып, психологиялық диагностикалар өткізіліп, кеңестер беріліп отырды.  Жас жеткіншектерге керекті жаднамалар таратылып, өзі уақыттарын үнемдеу мақсатында күн тәртібі бірлесе құрылды. «Сен ҰБТ болуын қалайсынба?», Емтиханға және ҰБТ-ға дайындалу кезінде қалай тамақтану керек?, Оқығанды қалай есте сақтауға болады?, « Сіз өзіңізді бақылай аласыз ба?», «Өзіңе деген сенімділік дәрежесі қандай?» «Есте сақтау қабілеттерін арттыру жаттығулары. Стрестік  ситуациялардан қалай шығуға  болады  11 сынып оқушыларының өзін-өзі бағалауын, сенімді болуын анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді.
«Менің дінге көзқарасым» сауалнама, «Оқушылардың  уақытты үнемдей білуін дағдыландыру» «ҰБТ-ға психологиялық дайындық»  тренинг жаттығулары, «Жеке тұлғаны геометриялық фигуралар арқылы анықтау», «Ақыл мен немесе жүрекпен психологиялық тест», «Стрессті қалай жеңуге 
болады?», «Күйзеліске қарсы гимнастика»,тақырыптарында кеңестер, әңгімелер, сауалнамалар алынып, тренинг-жаттығулары өтіліді.
Қорытынды: жалпы 11-сынып оқушылары өз-өздеріне сенімді, өздерінің қандай мамандыққа баратындарын біледі, қарым-қатынастары жақсы.
  1. Үйден оқитын оушылармен жұмыс
Мақсаты: Үйден оқитын оқушының көңіл-күйін, сабаққа деген ынтасын анықтау.
2020-2021 оқу жылында 1 оқушы үйден оқиды. Көмекші  бағдарламамен. Оқушы кітаппен қамтылған. Пән мұғалімдері өздерінің сабақ кестесіне сай сабақтарын өтті. Үйден оқитын оқушыны әр түрлі іс-шараларға қатыстырдық. Оқушымен аптасына 2 рет түзету дамыту сабағы өтті.
Қорытынды. Үйден оқитын оқушының көңіл-күйі жақсы сабаққа деген ынтасы орташа. Пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы.
Ұсыныстар: Үйден оқитын оқушыға отбасы тарапынан  көңіл бөлінсе.
  1. Мектеп ұжыммен жұмыс
     «Қашықтықтан оқыту кезінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы» деген тақырыпта өзін-өзі тану, түсіну, ортамен үйлесімді қарым қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру мақсатында мұғалімдер  чатына слайд жіберілді. 
«Мұғалім әдебі» тақырыбында баяндама оқылып, тренинг жүргізілді.
       Мектепке жаңадан келген «Жас мамандармен» жұмыс жүргізілді. Психологиялық әдістемелер алынды. Кеңес берілді.
2021-2022оқу жылына 
Ұсыныстар: 
  1. 1-5 сыныптардың бейімделуі бойынша мынандай жұмыстар атқару қажет. 
Сынып жетекшілеріне сыныптағы балалардың сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі де болса әлсіз екендігін ескере отырып, сынып оқушыларымен достық, бірлік тақырыптарында тәрбие сағаттары мен ойындар өткізіп отырса.
  1. ҰБТ-тапсыратын оқушыларға психологиялық көмек көрсету.
  2.  Үйден оқитын оқушының ата-анасына,пән мұғалімдеріне оқушыларға көп көңіл аудару.
Мектеп педагог-психологы                 А.Қолдасбекова