Абайтану курсы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
апрель
2022

Абайтану курсы

Түсінік хат
Еліміз  өзінің   дербес  тәуелсіздігін  алғаннан   кейін  ұлттық  сана-сезімінің өсуіне, халқымыздың рухани қуатының молая түсуіне кең өріс ашылды.   Осы мақсатта Жалпы орта білім беру ұйымдарында 9-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы  оқу  пәнінің   бағдарламасы  2012  жылы   27  сәуірде  бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі  2012-2013   жылдарға  арналған  Жалпыұлттық   іс-шаралар жоспарының»  41  және   42-тармақтарына  сәйкес  әзірленді.   «Абайтану»  курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген.  9 сыныпқа тақырыптық-күнтізбелік жоспар осы бағдарлама негізінде әзірленді. 
Жалпы  білім   беретін    мектептердің  9-сыныбына   арналған  «Абайтану» курсының  жылдық   оқу  бағдарламасына  34   сағат  бөлінген.  Оның   31  сағаты бағдарламадағы  материалдарды   оқуға,  2  сағаты   шығармашылық  жұмыстарды орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі. 
«Абайтану»  бағдарламасы   мектеп  оқушыларын  Абай шығармашылығының  ұлттық   әдебиетіміздің  өркендеуіне  жасаған   идеялық-көркемдік  ықпалын  жан-жақты   саралай  отырып,  терең   ұғындырып, Абайтанудың   тарихи,  ғылыми    құнды   нәтижелерін  танып  білуге   баулиды. 
Тақырыптардың өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан топтастырылуы, жалғастығын табуы  курстың басты ұстанымы етіп алынған.  
Курсты  оқытудың   мақсаты:  ұлы   ақын  шығармалары  арқылы   елжанды, ұлттық  идеологияны  бойына   сіңірген,  халқымыздың  әдебиетін,   өнерін,  салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы  жоғары,   білім,  білік,  дағдылармен   қаруланған,  түйген  ойларын   іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын тұлға қалыптастыру.  
Курсты оқытудың міндеттері:  
  •  қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану; 
  • ақын  шығармашылығындағы  тұлға   концепциясына  қатысты  өзекті мәселелерді айқындау;  
  • ғұлама  ойшылдың   философиялық  ақыл-нақыл  сөздерінің   мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын үлгі ету;  
  •   ақынның   қарасөздері,  өлеңдері  мен   поэмаларындағы  ақындық  биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;  
  • ақынның  туындыларын   оқыту  арқылы  оқушылардың   ұлттық  танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу; 
  •   Абайдың   ғылым,  білім,  өнер,   тәрбие  мәселелері  туралы   айтқандарын оқыту арқылы жастарды өмірден өз орнын табуға шақыру. 
Курс  бойынша  білім   алушылардың  оқу  жетістігін   ағымдық  бағалау, сондай-ақ емтихан жүргізілмейді. 
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық. 
 Бағдарламада:
  1. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
  2. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
Бағдарлама Абай Құнанбайұлының:
  • қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын:
  • ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
  • шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
  • Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
  • Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын;
Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне; курстың соңына қарай: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп өсиет қалдырған қайраткер,   кемеңгер ойшыл Абай «Қазақтың бас ақыны» ретінде танылуына бағытталған. 
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
 9-сыныптың соңында оқушылар:
 1) абайтанудың қазіргі уақыттағы өзектілігін, рухани қажеттілігін түйсінулері;
 2) Абайды оқу, түсіну, жұртқа танытудағы басты мақсат пен міндеттерді білуі; 
 3) ақынның қазақтың халықтық өлең-жырларынан, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерінен үйренгендігін білуі;
 4) ақын шығармашылығына шығыс, батыс, орыс әдебиеттерінің тигізген игі ықпалын білуге; 
 5) ақын аудармаларының қазақ әдебиетін көркем ой оралымдарымен байытқандығын білуі;
 6) абайтану ғылымының негізін салушылар мен оның қалыптасу кезеңдерін және алғашқы зерттеушілердің еңбектері жайында білуі;
 7) ақын шығармашылығындағы шығыс, батыс, орыс әдебиеттеріне қатысты күрмеуі қиын мәселелерді білуі;
 8) ақын шығармаларының басылымдары мен оған ықпал еткен адамдар хақында білуі;
 9) Абайдың ғылым, білім тақырыбына жазған өлеңдерінің, қарасөздерінің басты идеясын және философиялық көзқарастарындағы тағылымдарын түсіне білуі; 
 10) ән мен күй өнері жайындағы толғанысын және эстетикалық талғамын білуі;
 11) поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерекшеліктерін білуі;
 12) ақын шығармаларының көркем-образдылық қасиеттерін талдай білуі тиіс. 
 Оқушылардың «Абайтану» курсы бойынша игерген білімдерінің нәтижелері:
 1) ақын шығармаларын жазудағы суреткерлік шеберліктерін білуі;
 2) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларының тақырыптық және идеялық көркемдік негіздерін, мән-мағынасын талдап, суреткерлік шеберліктерін айқындай білуі;
 3) ақынның поэзияның қоғамдық мәні мен маңызына қойған биік талабын білуі;
 4) Абайдың қазақтың сөз өнерін тың ой оралымдарымен байытып, ұлттық көркем ойды дамытудағы көшбасшылық рөлін білуі;
 5) өлеңдері мен қарасөздерінің арасындағы өзара үндестікті түсіне білуі;
 6) өлеңдері, қарасөздері, аудармалары, поэмаларындағы авторлық ұстанымдардың маңызын көрсете білуі тиіс.
 
 
 9 сынып
Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
ТақырыптарС/сМерзіміҚосымшаЕскерту
I  жартыжылдық, 16 сағат
І тоқсан,  сағат
11Кіріспе.Адамзаттың Абайы102-07.09


І.«Абайды білмек парыз ойлы жасқа» 10 



21Абайдың өмірі109-14.09


32Абайдың рухани дүниетанымының өсу, қалыптасу кезеңдері116-21.09


43Ақынның халық даналығын тануы123-28.09


54Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар130-05.10


65Абай және орыс әдебиеті107-12.10


76Абай және Пушкин114-19. 10Абай аудармалары

87Ақын аудармасының ерекшеліктері121-25.10

ІІ тоқсан, 8 сағат


12-17.11
98Абай және батыс әдебиеті104-08.11.19Абайтану мәселелері

109
111-15.11.19

1110Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы118-22.11.19

ІІ.«М.Әуезов және абайтану мәселелері»4



121Абай мұрасын зерттеушілер  абайтану ғылымы103 – 06.12.19


132Зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері109- 13.12.19Абай туралы пікірлер

143М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері116-20.12.19


151Ақын мұрасын таныту жұмыстары. 
Шығармашылық жұмыс
123-27.12.19


164Ақын шығармаларының басылымдары109-10.01.20         


ІІ жартыжылдық, 18 сағат
ІІІ тоқсан, 10 сағат
ІІІ. «Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы»10



171Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы «Ғылымға көңіл берсеңіз».1
Ағартушылық бағыт

182Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі1



193«Интернатта оқып жүр» 1



204«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде1



215«Сегізінші» қарасөзі1



226«Он жетінші» қарасөзі1



237Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік» 1
Абай «Қарасөздер»

248«Оныншы» қарасөзі1



251Шығармашылық жұмыс1



269«Он сегізінші», «Он тоғызыншы» қарасөзі1



IV тоқсан, 8 сағат


08-13.04
2710 «Отызыншы» қарасөзі106-10.04.20


ІV«Абай танымындағы ән мен күй»4



281Абай әндерінің таралуы «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар».113-17.04.20


292 «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа, «Құлақтан кіріп бойды алар»120-24.04.20«Абай әндері» киносы

303«Өзгеге, көңілім, тоярсың», «Сегіз аяқ»  өлеңдері127-30.04.20


314«Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні104-08.05.20


VПоэмалары2



321«Ескендір» поэмасы111-15.05.20Ескендір тарихи тұлға

332Ескендір мен Аристотель образдары118-22.05.20

341Қорытынды125.05    


Барлығы34

















Похожие публикации:

15 март 2022 Кітапхана ісі