Көпмәдениетті және көркем эстетикалық бағыт бойынша қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізілген іс-шараларға АНЫҚТАМА » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көпмәдениетті және көркем эстетикалық бағыт бойынша қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізілген іс-шараларға АНЫҚТАМА
08
февраль
2023

Көпмәдениетті және көркем эстетикалық бағыт бойынша қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізілген іс-шараларға АНЫҚТАМА

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылы
Көпмәдениетті және көркем эстетикалық бағыт бойынша қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізілген іс-шараларға 
АНЫҚТАМА
16-қыркүйек күні «Ахмет-сөз көсемі» тақырыбында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығыа қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Мадижанның жетекшілігімен пресс конференция өтті 
Мақсаты:оқушыларды ұлт ұстазы туралы деректермен таныстыру.
Нәтижесінде 9- сынып оқушылары А.байтұрсынұлының өмір жолымен танысты. Пресс конференцияға 20 оқушы және мектеп ұстаздары қамтылды .
   
16-қыркүйек күні 9 «ә» сынып жетекшісі Масимова Ларисаның ұйымдастыруымен күміскөмей әнші, Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына орай «Елімнің Ұлы әншісі-Роза Бағланова» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Кешті 9 «ә» сынып оқушысы Өсім Берікболсын мен Ержан Мәди жүргізді. Оқушылар ән айтып, би билеп, күй тартты. Бейнероликтен Роза Бағланова апайымыздың өз даусымен әндер тыңдалды. Естеліктер айтылды.Өнер жолын Ташкент филормониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқаны жайлы айтылды. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының да әндерін нақышына келтіре орындайтынын біле алды.
 Мақсаты: Роза Бағланова апаймызыдң өмірі мен өнер  жолын таныстыру.Оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Нәтижесінде 9 «ә» сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мектептің 5-11 сынып оқушылары және ұстаздар қауымы мәдени іс шараға қатысып, өз ойларын білдірді.
     
26- қыркүйек күні «Аргумент» дебат клубының мүшелері Республикалық «Дебат қозғалысы, Алға!» челенджіне үн қосты.
Мақсаты: мектептегі дебат қозғалысын жандандырып, оқушыларды қоғамда өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.
 
14-қазан күні 7-9 сынып арасында 10 сынып жетекшісі Көкенова Самалдың ұйымдастыруымен «Арайлы алтын күз» атты күзгі балл өткізілді.Күзгі баллды 24 оқушы өткізіп, 52 бала көрермен болды. 
Мақсаты: оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты сүюге, таза ұстауға баулу, күзгі дәнді дақылдармен жеміс-жидектерлен қол-өнер бұйымдарын жасату.
Нәтижесінде оқушылар күзгі дәнді дақылдармен көкеністермен және жемістермен үйлесімдігін табатын, эстетикалық талғамға сай қолөнер бұйымдарын, әшекейлеп қойды. Оқушылар берекелі де мерекелі күзгі балл кешіне белесенділікпен қатысты.
        
19- қазан күні 3 сынып жетекшісі М.Талипованың ұйымдастыруымен «Қазбек бидің өнегелі жолы» тақырыбында танымдық сағаты өткізілді
Мақсаты: Ұлы тұлғаның өнегелі жолы мен әділ шешімдері туралы оқушыларға түсіндіру.
Нәтижесінде 3-сынып оқушылары Қазыбек би туралы бейнероликтер көріп танысты.
 
29-қазан күні мектебіміздің «Көз тимесін» командасы аудандық «Жас келсе іске» атты маусымашар КТА ойындарына қатысып, үздік әзілдері мен үлгілі ойындары үшін аудандық финалға жолдама алды. 
Мақсаты: оқушыларды тапқырлық пен ой ұшқырлығына баули отырып, әдемі әзілдер арқылы өз ортасының мәселелерін ортаға салу. Тез қимылдап, жақсы шешім шығара білуге баулу. Топпен жұмыста ұйымшыл болуға дағдыландыру.
  
30-қазан күні мектеп директоры Бағдат Қожақанқызының басшылығымен 1-7 сынып оқушылары арасында  «Бақытты бала, болашақтың кепілі» атты концерттік бағдарлама өткізілді.   Концертке 15 оқушы қатысып, өнерлерін ортаға салды.  78 оқушы көрермен болды.
   Мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Сахна мәдениетіне баулу.
Нәтижесінде оқушылар өз өнерін көрсете отырып, балалар жылы аясында өткізілген іс-шараға белсенділікпен атсалысты.
   
09- желтоқсан күні 2 сынып жетекшісі А.Далабаеваның ұйымдастыруымен «Елін танытқан -Ер» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың өмірбаянымен таныстыру, атқарған еңбектері туралы мәліметтер беру. Өз Отанының мақтан тұтар азаматтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Нәтижесінде мектеп оқушылары Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атамыздың өмірі мен өнер жолы туралы бейнероликтермен танысып, 2 сынып оқушылары дайындаған танымдық сағатынан көптеген маңызды ақпараттар мен танысты.
 
13-желтоқсан күні «Аргумент» дебат клубының желтоқсан айындағы жоспарына сәйкес БП «Баланың өміріне ата-анадан қарағанда , қоршаған орта әсер етеді деп санайды» атты қарар ойналды.                                                        Мақсаты: оқушылардың өз ойын еркін айтып, нақты дәлелдермен мысалдар келтіре білуге баулу.
Нәтижесінде мектеп оқушылары қарарды көріп, сыныптастарының өз ойын дәлелді түрде жеткізе білетін өнерлерін жақсы деп бағалады. Мектебіміздегі дебат клубы жұмысы одан әрі жандандырылуда.
   
15- желтоқсан күні 4 сынып жетекшісі Ізбасарқызы Гүлбазардың ұйымдастыруымен балаларжылы аясында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында ертеңгілік өткізілді.                                                                Мақсаты: балаларды өнерге, сахна мәдениетіне баулу. Шығармашылыққа жетелеу.
    
27-29 желтоқсан күндеріне жаңа жылды қарсы алу мерекесіне орай жұмыс жоспары бекітілді жоспарға сәйкес  жаңа жылдық мереке өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға көркем эстетикалық тәрбие беру сонымен қатар оқушыларға жаңа жылдық көтеріңкі көңіл күй сыйлау.
       
29-желтоқсан күні мектепке дейінгі шағын орталықта және мектеп алды даярлық сыныбында жаңа жыл мерекелік іс шаралары өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, шығармашылық қабілеттерін арттыру.