Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағыты бойынша қыркүйек-желтоқсан айлары арасында өткізілген іс-шараларға АНЫҚТАМА » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағыты бойынша қыркүйек-желтоқсан айлары арасында өткізілген іс-шараларға АНЫҚТАМА
07
февраль
2023

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағыты бойынша қыркүйек-желтоқсан айлары арасында өткізілген іс-шараларға АНЫҚТАМА

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылы 
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағыты бойынша қыркүйек-желтоқсан айлары арасында өткізілген іс-шараларға 
АНЫҚТАМА
«Балалар жылы» аясында балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін терең зерттеуге шақыру мақсатында балалар байқау өткізілді. Байқаудың бірінші кезеңі (аудандық/қалалық) 15-25 қыркүйек аралығында өткізілді Байқауға Қазақстанның барлық орта білім беретін мектептерінің
3-10 сынып оқушылары қатыса алады. Оқушылар 2022 жылғы шілде, тамыз және қыркүйек айларында, жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сәйкес «Әдебиет порталы» интернет-жобасында жарияланған, қазақстандық және шетелдік кітаптардың сілтемелері арқылы әдеби кітаптарды оқиды.
 3-4 сынып – «Ертегілер әлемінде» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған кітаптар («Қазақ ертегілері» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/858/8582d39c6debac017cd4e3c5ae03ccd7.pdf&ln=kz   және «Алпамыс батыр» ертегілері  https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/1f0/1f0e1d651f684d093169ed78e11a8bbc.pdf&ln=kz )
 5-6 сынып – «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында орта буын оқушыларына арналған кітаптар («Мен – апамның баласымын»  https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/763/763980a119e303bc07bd07ac9c86588b.pdf&ln=kz  және «Ағайынды Гриммдер ертегілері»  https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ab8/ab836b25f47bc3e78779580bb3f97bd1.pdf&ln=kz  )
 7-8 сынып – «Ғасырлар тарихты жырлайды» тақырыбында жасөспірімдерге арналған кітаптар («Ұшқан ұя» 
https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/5e1/5e13518fb629e466f3a930c56af4d672.pdf&ln=kz  және «Гулливердің саяхаты» https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/ace/aceae4949f3ab62c32017a47b7f332d8.pdf&ln=kz)
 9-10 сынып – «Ұлы Дала жырлары» және «Ұлы Дала ұлағаты» тақырыбында жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптар («Көшпенділер. Алмас қылыш», І. Есенберлин  
https://adebiportal.kz/kz/books/view/koshpendyler-almas-kylysh__820
және «Робинзон Крузо», Даниэль Дефо https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/d7b/d7bea6d2a6c85dc0ab54d4bd5d9f48e8.pdf&ln=kz)
#оқуғақұштармектеп
Мақсаты: оқушылардың әдебиет саласына, кітап оқуға, өзге елдің мәдениеттерін дәріптеуге қызығушылығын ояту.
 
9- қыркүйек күні 8 «а» сынып жетекшісі Болатаева С. ұйымдастыруымен «Күлше қыз» ертегісі ағылшын тілінде сахналанды.                               Мақсаты: оқушылардың ана-тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өзге тілді де еркін меңгеру дағдысын арттыру.                                                                                                      Нәтижесінде оқушылар күлше қыз етегісін жоғары дәрежеде сахналап қойды. Ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысы артты.
   
  13- қыркүйек күні 3- сынып оқушылары ағылшын тілінде «Шалқан» ертегісін оқып, сахналауға дайындалды.                                                    Мақсаты: оқуға құштар мектеп жобасы аясында әдеби кітаптар оқуға деген қызығушылығын арттыру, білімділігін дамыту.                                  Нәтижесінде 3 сынып оқушылары өздері оқыған ертегі бойынша жақсы қойылым көрсетті.
 
15- қыркүйек күні Тезекбаева С. 4- сынып оқушыларымен «Үйшік» ертегісін сахналады.Оқушылар өз кейіпкереріне сәйкес ертегіні сомдап, әндерін айтып, билерін биледі.
Мақсаты: сахна мәденитіне үйрену, театрландырылған көріністерді жоғары дәрежеде орындау
 
16-қыркүйек күні Б.Кегенбаеваның жетекшілігімен 7 сыныптар араында «Давайте любить, русский язык!» атты сайыс өтіліп ,оқушылар өзара тартысты,қызықты сайыса алды.
Мақсаты: өзге тілді құрметтеп, ой өрісін дамыту, сайыс барысында ұжымда дұрыс тиянақты атсалысуды үйрету.
 
13-Қазан күні  3-сынып оқушысы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, «Республикам менің» атты челленджге өз үнін қосты
 
03-қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 1 «А» және 1 «Ә»
Сынып оқушылары күзгі каникуль күндерінде сынып жетекшілері Б.Алдабергенқызы мен С.Аманжолқызының ұйымдастыруымен «Бауырсақ» және «Шалқан» ертегісінен сахналық қойылым өткізді.
 Мақсаты: оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға деген ынтасын арттыру, ертегі жжелісі бойынша сөйлеу қорын толықтыру
 
Қараша айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 2-5 сынып жетекшілері мен ата-аналары бірлесіп мектеп кітапханасына жаңадан келген балаларға арналған әдеби кітаптар қорымен оқушыларды таныстырды. Бастауыш сынып оқушыларының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруда электронды қалам мен оқу 2 сыныптарға өте қызықты болды.
Мақсаты: оқушылардың әдеби кітаптар оқуға деген ынтасын арттыру, сауатты әрі жылдам оқу дағдысын қалыптастыру
 
Қараша айының күзгі демалыс күндерінде мектеп кітапханашысы Баянғалиқызы Назкен «Оқуға құштар мектеп» жобасы іс – шарасына сәйкес жоғары сынып оқушыларына әдеби кітаптар қорын таныстырды. Сонымен қатар мектеп кітапханасында және дәлізде «BOOKCROSSING» бұрышы орналастырылып қойылды.Апта сайын бұрыштағы кітаптар ауыстырылып жаңартылып отырады, қазақ, ағылшын, орыс тіліндегі әдеби кітаптар  қойылады.Жас ерекшелігіне қарай мектеп оқушылары өздері таңдаған кітапты алып оқиды. Достары арасында оқыған кітаптары жайлы ой бөліседі
Мақсаты : мектеп оқушыларының әдеби кітап оқуға деген ынтасын арттыру.
Нәтижесінде мектеп оқушылары мектеп кітапханамен тығыз байланыс жасап,  әдеби кітаптар оқыды.
       
Желтоқсан айында мектеп кітапханасында Н.Матенованың ұйымдастыруымен «Менің сүйікті ертегі кітабым» тақырыбында балалар өздері оқыған кітап мазмұнына қарай суреттер салды. 
Мақсаты : оқуға құштар мектеп бойынша оқушылардың кітап оқуға, мазмұнын айтуға, суреттер салуға деген қызығушылығн арттырып, шығармашылығын дамыту
Осы орайда әсіресе бастауыш сынып оқушылары белсенділік танытты.
    
Желтоқсан айының соңында 1ші жартыжылдық қорытындысына сәйкес өткізілген жалпы ата-аналар жиналысында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша белсенділік танытқан оқушылардың ата-анасы «Алғыс хатпен» марапатталды , мектеп дәлізіне ілінген GR-кодтар алқылы ата-аналар балаларының оқып жатқан бейнероликтерін көре алды.
Мақсаты: ата-аналар арасында өз балаларына әдеби кітаптарды   оқытуға деген белсенділігін арттыру.
    
Мектеп психологы С.Ахметова оқушылардың кітап оқығанда зейінін тұрақтандыру, есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында психологиялық аттығулар жасатты. Үйден оқитын оқушылармен қарым-қатынаста болып жас ерекшелігіне сәйкес келетін балаларға арналған суретті кітаптармен жұмыс істеді.
Мақсаты: оқушының кітап оқу дағдысын арттыру, қызығушылығын ояту
  
Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында республикалық «Каникулда кітап оқы» марафонына мектеп оқушылары қатысып сертификаттар алды.
Таит
«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында балаларды мұқият және тез оқуға үйрету мақсатында ұйымдастырылған «Тез оқуды үйреніңіз» атты республикалық жылдам оқу сайысында үздік натиже көрсеткен Иса Айару марапатталды