Онкүндіктің анықтамасы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Онкүндіктің анықтамасы
16
сентябрь
2022

Онкүндіктің анықтамасы

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Тіл мәртебесі-ел мерейі» атты іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы анықтама 
«Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің іс- бірлестіктері біріге отырып, мақсат-міндеттер айқындалды. 
06.09.2022 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғ.Абдрахманова «Тіл мерейі-ел мәртебесі» атты ашылу салтанаты өтті. Оқушылар тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән айтылып, биден шашу шашты. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов туралы деректер берілді. 
07.09.2022 күні 11 сыныптар « Туған тіл –тұғырым» атты эсселер жазды. Негізгі мақсаты: оқушылардың өз ана тілінде сауатты жазуға баулу, ұшқыр ойларын дамыту болып табылады. Үздік шығарма жазған оқушы жұмыстары аудандық ээселер жазу жарыстарына бірден қатыстырылатын болды. 
08.09.2022 күні ағылшын тілі пәні мұғалімі С.Болатаеваның жетекшілігімен «Күлше қыз» ертегісі ағылшын тілінде сахналанды. Оқушылар өздеріне берілген рөл бойынша ойнап, би биледі. 
09.09.2022 күні ағыл   шын тілі пәні мұғалімі А.Жердентапқанованың жетекшілігімен 3 сынып оқушылары  «Шалқан»ертегісін сахналады. Сонымен қатар ,  ағылшын тілінде ән айтып, би биледі. 
12.09.2022 күні Ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерекесіне орай, 6 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Бекдаулетованың жетекшілігімен сынып сағаты өтті. Қайраткер туралы деректер айтылып, шығармашылығы насихатталды. 
13.09.2022 күні қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік жетекшісі А.Омарова «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді. 
14.09.2022 күні ағылшын тілі мұғалімі С.Тезекбаеваның жетекшілігімен, «Теремок» ертегісі және мерекелік кеш өтті. 
15.09.2022 күні «Занимательная граматика» атты сыныптан тыс сағаты орыс тілі пәні мұғалімі Л.Масимованың жетекшілігімен өтті. Оқушылар орыс тілі мен басқа да қызықты жағдайларға байланысты сұрақтарға жауап берді.  
16.09.2022 күні орыс тілі пәні мұғалімі Б.Кегенбаева «Давайте, любить русский язык!» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар тіл білімі туралы білімдерін көрсетіп, ойын жарыс түрінде өтті. Нәтижесінде 7 «ә» сынып оқушылары жеңіске жетті. 
16.09.2022 күні орыс тілі пәні мұғалімі С.Арпынова «Урок-игра» атты викториналық сұрақтарға жауап беру сайысын өткізді. 
Онкүндіктің соңғы күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Мәдижан  «Ахмет - сөз көсемі» атты дөңгелек үстел өткізді. Қоғам қайраткері, тіл жанашыры туралы оқушылар баяндама дайындап келіп, ақынның шығармашылық портретін жасады.    
Тілдер мерекесіне жасалған онкүндік толық жоспар бойынша жүзеге асты. Әртүрлі іс-шараға  135  оқушы  қамтылды. 
Педагог-ұйымдастырушы                        Ғ.Абдрахманова 

Похожие публикации:

19 сентябрь 2022 ҰЛТ ҰСТАЗЫ
16 сентябрь 2022 Тілдер мерекесі
16 сентябрь 2022 Тілдер мерекесі