ҰБТ -ға қалай дайындалу керек? » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ -ға қалай дайындалу керек?
15
март
2022

ҰБТ -ға қалай дайындалу керек?

Оқушыларға кеңес
ҰБТ – ға қалай дайындалу керек?
- Алдымен дайындалатын орын даярла: Столдан барлық артық заттарды алып таста, қажетті оқулықтарды, дәптерді, қағаз, қарындаштарыңды дұрыстап жинақтап алып, орналастыр.
- Бөлме іштеріне сары және күлгін түстерді енгізуге болады. Олар интеллектуалды белсенділікті арттырады.
- Дайындық жоспарын жаса. (күн тәртібіне қой) Алдымен сен «үкі» немесе «бозторғай» -дың қайсысы екендігіңді анықта.Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытты пайдалан.Әрбір күнге жоспар жасай отырып, бүгінгі күні нені оқитындығыңды анықта.

- Сабаққа дайындықты демалумен кезектестір. Мысалы: 40 минут дайындал сосон 10 минут үзіліс жаса. Бұл уақытта ыдыс жуумен, гүл суару сияқты жұмыстармен айналысқан жөн.
- Қолыңа секундомер алып жаттық, тесті орындау уақытын белгіле.(Әр тапсырманы орындауға 2 минут кетеді)
- Емтиханға дайындала отырып, тапсырманы орындай алмайтындығың жөнінде ешқашан ойлама, керсінше, өзің бәрін орындап шығып, қуанатындығыңды ойша көз алдыңа келтір.
- Емтихан алдында барлық жауаптардың жоспарын қайталап, ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалтыр.

Емтихан алдында
- Көпшілік емтиханға толық дайындалу үшін соңғы күн ғана жетпей қалды деп есептейді. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың, өзіңді қажытудың қажеті жоқ. Керсінше, таңертең өзіңді жақсы сезіну үшін кешке дайындықты тоқтатып, душ қабылда, таза ауада серуенде.
Себебі - емтихан бұл өзіңнің мүмкіндіктерің мен бейімділіктеріңді
көрсететін өзіндік күрес болып табылады.