Мектеп формасы туралы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп формасы туралы
26
июль
2023

Мектеп формасы туралы

Ата –аналарға мектеп формасы туралы хабарлама!
«Білім беру туралы» ҚР Заңының 49 б. 2 т. 3, 6 және 7 тт. сәйкес, Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған қағидаларды орындауға, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға,  білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.   Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, балалары мектеп формасын сақтамайтын ата –аналарға қатысты әкімшілік жаза шаралары қолданылуы мүмкін.   
    Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың сыртқы түрі Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидаларымен , білім беру ұйымының Жарғысымен,  сондай-ақ Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптармен реттеледі,    оларда  орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы   оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді, мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі деп белгіленген. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.  
Ұлдардың мектеп формасына пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка) кіреді. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасына пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка) кіреді. Қыздарға арналған юбкалар ұзындығы тізеден сәл төмен, еркін қонымды болып келеді.
    Түрлі концессияларға діни тиесілілігін көрсететін киім элементтерін мектеп формасына кіргізуге жол берілмейді
Егер бала мектепке хиджаб киіп келген болса, оқу орны не істейді?
Мектеп тәртібі мен дәстүрлері бұзылған кезде білім беру ұйымымен қолданылатын шаралар Білім беру ұйымдары қызметінің үлгілі қағидаларымен, білім беру ұйымының Жарғысымен және Ішкі тәртіп қағидаларымен регламенттелген. 
Бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
«Діни қызметі және діни бірлестіктері туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына сәйкес, ешкімнің де өз діни нанымдары себептері бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығы жоқ.  
«Мектеп формаын сақтау» деген сөз «қандай да бір атрибутика мен элементтерді пайдаланбауды» тұспалдайды.  Және де бұл тек діни ғана емес, кез келген өзге атрибутиканы киюге тыйым салынғанын білдіреді.  Мысалы, бала мектепке еркін, сәнді немесе спорттық киімде, жарқын және көзге түсетін әшекейлері бар киімде келе алмайды. «Форма» деген ұғым барлық осы қатынастарды реттейді.   
 Назар салып оқып, танысқандарыңызға рахмет!
«Х.Көбіков атындағы мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп әкімшілігі.