30
март
2023
VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясы.
VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясынан қысқаша үзінділер...
Мемлекет басшысы мектепке қызметкерлерді жұмысқа алуда бір мәселені ескертті.Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет.
Қазақстан - бәріміздің ортақ мекеніміз. Ендеше, қастерлі Отанымызды бірге өркендетейік.
Әділетті Қазақстан дегеніміз – жалаң ұран емес, бұл – анық ақиқат. Алда атқаратын жұмыс көп. Біз бұған бір ел болып түгел атсалысуымыз керек.
Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа Жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс істелді,- деді мемлекет басшысы .