Ата-анамен жүргізілген жұмыстың анықтамасы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-анамен жүргізілген жұмыстың анықтамасы
26
декабрь
2022

Ата-анамен жүргізілген жұмыстың анықтамасы

«Х.Хөбіков атындағы орта мектепе мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  Қаңтар айында 9-11 сынып ата-аналарымен «Балаңызбен сырласасыз ба?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.
 Мақсаты:   Мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Оқушының өз ойын ата-анасына еркін айтып, сыйластық және сырларын бөлісе білу үшін жақсы қарым қатынаста болудың маңыздылығын түсіндіру.
  Дөңгелек үстел алдымен ата-аналармен танысудан басталды.  
Танысу  « Мен және мендегі жақсы қасиет» ДТІЖЖО-Л.Уразбекова танысуды өзінен бастады. Барлық ата-ана өзін таныстыра отырып, бойларындағы жақсы қасеттерін атап өтті.
  Құрметті ата-аналар сіздердің аты-жөніңізді білгеніммен де бойларыңыздағы жақсы қасиеттермен бірге танысқаным үшін қуаныштымын. Бүгінгі дөңгелек үстел басында жиналуымыздың басты мақсаты «Балаңызбен сырласасыз ба?» тақырыбында жүргелі отыр. Назарларыңызды мына бейнероликке аударуларыңызды сұраймын
  «Отбасы құндылығы» тақырыбында бейгероликтер көрсетілді.
Дөңгелек үстел басында бейнероликтегі оқиға талқыланды. Әр ата-ана өз ойын ашық айтты.
 Келесі кезекте ата-аналарға  сандықша ішіндегі сұрақты алып, жауап беру тапсырмасы жүктелді. Әр бір сұраққа ата-аналар нақты және дәлелді жауаптар берді. Сұрақтарға берілген жауап арқылы   ата-аналар баламен жақын сырласып, сөйлесудің маңызды екенін білді.
«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18 – қыркүйек күні «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың 
алдын -алу» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері-
 Таирова  Алма Оразбаевнамен өткізілген жалпы ата аналар жиналысы
«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
18 – қараша күні әлеуметтік педагог-М.Нургамитова «Бақытты ана, бақытты бала, бақыттты ел» тақырыбында көпбалалалы аналармен кездесу өткізді.
Мақсаты: баланың құқығын түсіндіру, отбасындағы бала мен ата-анасындағы қарым-қатынасты нығайту. Аналармен бала тәрбиесі жайында пікірлесу.
  Кездесу барысында көпбалалы аналар бала тәрбиелеудегі өздерінің тәжірибелерін ортаға салып, болашақта өз-өзіне сенімді, ата-анасын құрметтей білетін, бауырмал ұрпақ тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
  Сондай-ақ кездесу барысында ата-аналарға ситуациялық сұрақтар қойылып, жауап алынды. 
  Нәтижесінде ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, өз досына және айналасындағы басқа да жолдастарына жақсы көзқараста болу, қоғамдық ортада, сыныпта тәртіпті болу т.б. жақсы қасиеттерді бойына жиған, саналы ұрпақ тәрбиелеуде өз үлесін қосатындықтарын жеткізді.
Кездесуде бүгінгі бала-ертеңгі мемлекеттік іргесін берік ұстайтын азамат болуы керек. Ол үшін ең алдымен отбасында сауаты жетілген, білімді ұрпақ қажет екенін айтылды.
«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
30- желтоқсан күні «Бала тәрбиесі мен өмір қауіпсіздігіндегі ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында  жалпы ата-ана жиналысы өткізілді.
Мақсаты: сыныптар бойынша І- жарты жылдық қорытындысыиен таныстыру. Қысқы демалыс күндеріндігі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат беру.
Жиналысқа 1-11 сынып ата-аналарынан 68 ата-ана қатысты. Қысқы демалыс күндеріндігі қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттармен танысты. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасынан әдеби, ертегі кітаптар оқу арқылы оқушылардың жылдам оқу дағдысын, әдеби кітаптарға деген қызығушылығын арттыру керек екендігін білді