Құқық және тәртіп фракциясы бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық және тәртіп фракциясы бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы
05
январь
2023

Құқық және тәртіп фракциясы бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамасы

Құқық және тәртіп фракциясы бойынша атқарылған жұмыстардың   анықтамасы
12- қыркүйек күні мектеп инспекторы Тажиков Темірлан 7-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. 
Мақсаты: оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу, қылмыстық кодекстің баптарымен таныстыру 
       11-қазан күні мектеп инспектры Сағатов айбын Айдарбекұлы өзін таныстырып, 7-11 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Мақсаты: мектеп оқушыларын тәртіпті болуға шақыру. Әртүрлі келеңсіз жағдайлардың алдын-алу.    
Нәтижесінде мектеп оқушылары өз міндеттері мен құқықтары жайында ақпарат алып, құқықбұзушылық әрекеттерді болдырмау керектігін түсінді.18- қазан күні аудандық білім бөлімінің әдіскері Алма Оразбаеваның қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналы өткізілді.  Жиналыс барысында мектеп психологі С.Ахметова ата-аналармен «Балаңыздың ішкі жан дүнесін білесіз бе?» тақырыбында тренинг өткізді.
Жиналыста баяндамалар оқылып, бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар өздерінің ойларында жүрген сауалдарға жауап алды.  Мақсаты: ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу туралы маңыздылығын түсіндіру. Келеңсіз жағдайлардың алын-алу, мектеп ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту.