Кеңес хаттамалары » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2022

Кеңес хаттамалары

«Х.Көбіков   атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен»  КММ
Қамқоршылық кеңесі
I- отырысының хаттамасы
          Мерзімі  Тамыз 2021жыл                               
                                                                              Қатысқандар: 30 адам  (қамқоршылық
                                                                              кеңесінің мүшелері,шақырылған ата-                     
                                                                                          аналар,педагогтар)
                                                             Күн тәртібі:
1.Мектепте «Қамқоршылық» кеңесін құру, мүшелерін сайлау, жоспарын бекіту.   
  Жауапты: мектеп директоры Б.Абдилдаева , Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Қайрамбекова
2.«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру.
            Жауапты: Қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп әкімшілігі
3.Оқушылардың оқулықпен қамтылуы оның ішінде және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы,атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын оқулықпен қамтылуы
            Жауапты кітапханашы Н.Матенова
                                                      Тыңдалды.
  1.    Күн тәртібінің мәселесін мектеп директоры  Б.Абдилдаева таныстырды. Директор жанындағы отырыста «Қамқоршылық» кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңес мүшелері төмендегідей сайланды. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ж.Қайрамбекова, қамқоршылық кеңесінің төрағасының орынбасары   А.Солтанбеов, кеңес мүшелері Ә.Метербаева,Э.Жумабаева, С.Абдымауленов, М.Насыр,А.Ауелбеков,Г.Шаймердинова және хатшысы Т.Жунисова сайланғаны жайлы айтып өтті. Қамқоршылық кеңесінің жоспарын қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен мектеп директоры бекітті. 
  2. Мектеп директоры:Алматы облысы Панфилов ауданының әкімінің 2021 жыл 05 шілдедегі келген хатпен таныстырып , мектептің 06 шілдеде №41 бұйрығымен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата-аналар,сынып жетекшілерге аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2021-2022   оқу жылында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру әлеуметтік себептермен оқушының сабаққа қатыспай қалуының   алдын алу,6-17 жас аралығындағы балаларға орта білім беруді қамтамасыз ету,жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын жүргізу,аз қамтамасыз етілген отбасы балалары мен көп балалы отбасылардан және жетім ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында білім беру мекемелерінде 2021 жылдың 05 шілде мен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Мұхтаж балаларға материалдық көмек көрсету үшін мәслихаттармен,әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерімен,жеке кәсіпкерлермен ынтымақтастықты ұйымдастырылады. Әлеуметтік көмекке мұхтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсету үшін киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын , тамақ өнімдерін қабылдау жұмыстары жүргізіледі.Сол себепті әлеуметтік көмекке  мұхтаж балаларға көмек қолымызды созып демеуші болайық деп сөзін аяқтады.
  3. Күн тіртібінің  үшінші мәселесін мектептің кітапханашысы Н.Матенова сөз алды. Сөз барысында кітапханашы мектепте биылғы оқу жылының басында 269 оқушы бар, оның ішінде тұлдыр жетім 5 бала 2 отбасы, толық емес отбасы 18 бала 12 отбасынан, Аз қамтамасыз етілген 2 бала, жалғыз басты ана тәрбесінде 5 бала 4 отбасынан, мүмкіндігі шектеугі 2 бала 2 отбасынан, көп балалы 64 бала 19 отбасынан. Осы жоғарыда аталған отбасы балалары толығымен оқулықтармен қамтамасыз етілді    
                                              Жиналыс қаулы етеді 
  • Қамқоршылық кеңесінің мүшелері сайланып, жоспары құрылып бекітілсін. 
  • «Мектепке жол» акциясының ж оспары құрылып,балаларға мектеп формасы,оқу құралдары,киім-кешек,аяқ киім және тағы басқа заттар ұйымдастырылып,берілсін.
  • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды , аз қамтылған               
          отбасы, көп балалы отбасы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларын
             оқулықпен қамту жұмысы жандандырылсын.
Жиналыстың төрайымы                           Ж.Қайрамбекова
                          Жиналыстың хатшысы                                Т.Жунисова