"Дублер күні" анықтама » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
октябрь
2023

"Дублер күні" анықтама

«Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
       Мектебімізде іс-шара жоспарына сәйкес «Дублер күні» өткізілді.  
Мақсаты:  Мектептегі өзін –өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім   алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
«Дублер күнін» өткізу туралы  бұйрығын шығарылып, бастамашыл топ құрылды. Мектеп директорының  дублері лауазымына  кандидатура ұсынылып, мектеп парламентінің президенті Мэльс Мадияр тағайындалды. Мектеп парламентінің бастамашыл топ ұжымына Дублер күнінің штаттық кестесі таныстырылды. «Ұстаз! Сіздің алдыңда...» алдыңда атты құттықтау челлендіжі ұйымдастырылып, әлеуметтік желіге салынды. Сонымен бірге, ардагер ұстаздарды құттықтап , желіге орналастырылды.  Қабырға газеттері шығарылып,  оқушылар ұстаздарға ыстық ықыласын жеткізді. Мектеп қабырғаларын безендіріп, ұстаздарға арналған салтанатты жиынды мектеп парламентінің мүшелері жүргізіп, баяндама оқылды. 
Әр пән бойынша оқушыларға әдістемелік көмек көрсетілді. Нұсқау беріліп, жиын өтті. Оқушылар өз бейімдеріне орай, пән мұғалімдерінің қызметін бөліп алысты. Екі ауысымда да сабақ өткізіп, оқушылармен тығыз байланыста болды. Сабақ соңында оқушылардан сауалнама алынып, сауалнама нәтижесі бойынша бастамашыл топтың сабақ беруі оқушылардың көңілінен шыққаны белгілі болды.