Бала денсаулығы » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
февраль
2023

Бала денсаулығы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАЙТАБАННЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Табанның дамуы жылдам жүреді. Баланың жынысы мен жас ерекшелігіне байланысты табанның дұрыс сәйкестігін тексеруге болады. Баланың сәл ауырлықтың әсерінен және жүргеннен кейін ауырсынуларына, айтқан шағымындарына үлкендер назар аударып, сақтанғаны жөн. Майтабан болмауы үшін берілген жаттығуларды, отырып та, тұрып та орындауға болады: 1. Табанды сылау. Орындықта отырып, аяқты созамыз, оң аяқтың табанын сол аяқтың үштен бір бөлігіне қойып, белсенді уқалаймыз. Кезекпен аяқты ауыстырып, уқалаймыз. 2. «Балерина». Орындықта отырып, аяқтың саусақтарымен еденге тірелу. Кіші адым жасап, балерина сияқты билеу. Тізені ішке бүкпеу. 3. Аяқтың ұшы мен өкшені кезекпен көтеру. 4. Аяқтың ұшы мен өкшені жаю. 5. Жағажайда. Балалар жағажайда аяқтарының саусақтарымен құмды ұстағандай көрсетеді. 6. Дөңгелекті сал. Балалар дөңгелек қозғалысты бір жақтан екінші жаққа аяқтың үлкен саусағымен орындайды. 7. Құтан. Тұрып яқтың ұшымен жүру, арқаны түзу ұстау. 8. Тышқандар: Мысық естімесін днп тышқан аяқ ұшымен жүреді. 9. Піл: Тұрып, өкшемен жүру. Аяқтың ұшы ішке бұрулы. Денені түзу ұстаған жөн, демді іште ұстамай, дем алу. 10. Мысық: a. Мысық ұрланып кіреді. Аяқ ұшымен жүру. b. Мысық жүгіреді. Аяқ ұшымен жүгіру. c. Мысық секіріп, көбелекті ұстайды. Жәй секіру, түгел табанмен жерге түсу. 11. Қонжық. Тұрып, табанның сыртымен жүру, сосын ішімен. Қолымыз белімізде. 12. Мәз аяқтар. Отырып орындау. Аяқты екінші аяқтың табанына қою, ұшына қою, орындықтың астына алу. Екінші аяқпен де солай жасау, 4 рет қайталау. 13. Серіппелер. Аяғымызды серіппеге қойдық деп елестетеміз. Бұл серіппелер еденнен секіріп, аяғымыздың ұшын лақтырғаны сонша, табанымыз еденнен алшақтап, жоғарыға көтеріледі, ал өкше еденде қалады. Тағы да табанымызды еденге итеріп, ұстап тұрамыз. Қаттырақ! Күштірек! Қалай ауыр! Аяғымыз қысыңқы. Серіппені басуды доғарамыз. Аяғымызды босаңсытамыз. (Педагог қозғалыстарды көрсетеді) Не деген қызықты серіппе. Аяқ киіміме ілікті? Осы кезде балалар аяқтарының ұштарын көтереді, ал ө

Похожие публикации: