Психолог кеңесі » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психолог кеңесі
15
март
2022

Психолог кеңесі

Оқушылар мен олардың ата – аналарына ҰБТ-ға тестіне психологиялық даярлау жөнінде ұсыныс.
ҰБТ тестілеу технологиясына негізделген.
Емтиханның жаңа формасы ретінде тестілеу өз тәжірибесін жинақтауда және оқыту процесіндегі барлық қатысушылардың алдын-ала дайындығын қажет етеді.
Мұғалімдер оқыту жүйесіне тест технологияларын белсендірек енгізуі қажет; Себебі «Жағада тұрып жүзуді үйрене алмайсың» деп себепсіз айтылмаған.
Тест тапсырмаларын орындаудағы жаттығу жұмыстары тест ұпайының жоғарлауына көмектеседі. Тест тапсырмаларының типтік құрылымын біле отырып, оқушы инструкцияны ұғынуға уақытын жұмсамайды.
Емтихан тапсырудың сәттілігі ата – аналарының көңіл-күйі мен қатынасына байланысты екендігі белгілі.
Балалардың емтиханға дайындалуына қалай көмектесеміз?

Баланың емтиханнан алатын балының саны жөнінде алаңдамаңыз, баланы емтиханнан кейін сөкпеңіз, жазаламаңыз. Балаға алған балдың жиыны оның жалпы мүмкіндігінің көрсеткіштері болмайтындығы жөнінде сенім қалыптастырыңыз.

Баланың емтихан алдындағы мазасыздануына жол бермеңіз - бұл тестілеу қорытындысына теріс ықпал етуі мүмкін.

Балаға ата –ананың толқуы әсер етеді, егер ересектер жауапты шақта өзінің көңіл - күйлерін, эмоцияларын меңгере алса, бала да жас ерекшелігіне байланысты өзін орнықты ұстай алады.

Балаларды жақсы істері үшін мадақтап, қолдау көрсетіп қойыңыз.

Олардың өзіне деген сенімін көтеріңіз, себебі бала неғұрлым сәтсіздіктен қорықса, соғұрлым қателіктер жіберу мүмкіндігі артады.

Үйде сабаққа дайындалатын орынмен қамтамасыз етілуін қадағалаңыз, үйдегілердің кедергі келтірмеуін бақылаңыз.

Баланың тамақтануына назар аударыңыз. Жоғары ақыл-ой жұмысы кезінде оған ас мәзірінің көп түрлігі және витаминдер кешені қажет.

Баланы емтиханға даярлық әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық материалдарды жаттап алудың қажеті жоқ, негізгі моментерді қарап шығып, материалдың мәнісі мен логикасын түсіну жеткілікті. Қысқа кестелер, схемалар жасап алу пайдалы. Негізгі формулалар мен анықтамаларды бетке жазып, жазу столының тұсына, ас бөлмеге іліп қоюға болады.

Емтихан алдында баланы толық демалумен қамтамасыз етіңіз. Ол жақсы демалып, ұйқысы қануы тиіс.

Есіңізде болсын: ең негізгісі - баланың алаңдаушылығы мен қорқынышын басу және сабаққа дайындалуына лайықты жағдай жасау.

_________________________________________________