Дана ене,дара келін,зерек бала » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дана ене,дара келін,зерек бала
10
октябрь
2023

Дана ене,дара келін,зерек бала

Жетісу облысы Панфилов ауданы Сарыбел ауылы "Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  Азаматтық бастамаларды  қолдау орталығының гранты аясында  "Мүшелтой" аула клубы" қоғамдық  бірлестігінің ұйымдастыруымен  "Дана ене, дара келін, зерек  бала" -тақырыбында  жарыс өткізілді.
 Мақсаты: отбасының ұйытқысы саналатын ене мен келіннің сыйластығын нығайту. Отбасы  құндылықтарын сақтай отырып, дана ененің  ақылымен дара келіннің алдында тәрбиеленген баланың зеректігін көрсету. 
 Х.Көбіков атындағы орта мектеп директоры Б.Абдилдаева іс-шараның мақсатқа сай  өтуіне   өз үлесін  қосып, қатысқан отбасыларға алғысын білдірді.
Сайыс барысында  ауылдың үлкен аналары келіндерімен, немерелерімен бірге  өнерлерін көрсетті.  Ұлттық салт дәстүр туралы сұрақ-жауапқа қатысып біліктілігін танытты.
#Біртұтас_тәрбие 
#oqu_agartu_ministrligi
#gani.beisembayev
#medetbekovameruert                                                                                                   #zhetysu_bilim                                                                                                              #zhetisu_umc