Құқықтық мәдениет » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Құқықтық мәдениет

«Х.Көбіков аом МДШО» КММ жасөспірімдер мен оқушылар арасындағы зиянды заттардың әсері мен зияны туралы профилактикалық жұмыстардың
№ Хаттамасы

Сарыбел ауылы 10 желтоқсан 2021

Қатысқандар :
Мектеп директоры: Б.Абдилдаева
Мектеп инспекторы : Т.Таджиков
ДТІЖО : Г.Бекдаулетова
ПП : С.Ахметова
ӘП: Е.Ибраимов
Мектеп оқушылары

Күн тәртібінде :
1. Нашақорлық пен зиянды заттардың әсері және одан сақтану туралы

Тыңдалды:

Кұн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп инспекторы Таджиков Темірлан мырза есірткі ,нашақорлықтың, жалпы зиянды әдеттер туралы толық тоқталып өтті. Ол өз сөзінде , Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. өкiнiштiсi сол қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.
Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.
Нашақорлықтың қалыптасуының екі негізі бар:

Отбасының қалыптастырған жеке тұлғаның спецификалық белгілері.
Сыртқы факторлар, әлеуметтік ортаның ықпалы, есірткінің сәнге айналуы, қиыншылықтар т.б.
Нашақорлықтың негізі туралы тағы бір ерекше козқарасты атап өтуге болады. Оның авторлары нашақорлық пен маскүнемдіктің негізі адамның ішкі нашақорлық жүйесіндегі «ауру» ретінде түсіндіреді. Бұл теория бойынша жануарлардың ағзасы сияқты адамның ағзасында табиғи ішкі есірткі деп аталатын заттарды өндіретін ішкі нашақорлық жүйе бар. Олар ағзаны аурудан, стресстен сақтайды, жақсы көңіл күйді, жұмысқа қабілеттілікті, ұйқыны қалыпта ұстайды. Ішкі есірткілердің өңделуі төмендегенде (мысалы: ауру немесе стресстен соң) депрессия басталады -өміге қызығушылығы жоғалады, көңіл күйі өзгереді, өзін нашар сезінеді, ұйқысыздық пайда болады. Мұндай жағдайда адам ішкі есірткілердің қорғауынсыз қалады және әр түрлі себептермен теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Ішімдік, есірткі заттары ағзаға ішкі есірткілер сияқты әсер етеді. Бұл шттарды жасанды есірткілер деп атайды. Уақытша рахаттану сезімін тудыра отырып, олар адам ағзасының нашақорлық жүйесін төмендетеді. Нашақор есірткі қабылдамаған жағдайда оның ағзасы ішкі есірткілдердің қорғануынсыз қалады және соның әсерінен депрессия, «сындыру» синдромы басталады. Өзін қалыпқа келтіру үшін адам жасанды есірткі қабылдауға мәжбүр болады..

Сөйледі: мектеп медбауыры

Алмас Қожа
Есірткілер немен қауіпті?
Есірткілерді тұтыну психикалық және тәндік тәуелділікке, адам тұлғасының кейде азғындалуға дейін өзгеруіне, денсаулығының нашарлауына (ауруларға және асқынуларға) әкеліп соғады және өміріне қауіп төндіреді.
Есірткі тұтынатын жасөспірімдер мен жастар өздерін қоғамға және Заңға қарсы қояды, олардың болашағы жоқ. Нашақорлыққа шалдыққан науқас өмірінің орташа ұзақтығы 2-3 жыл.
Есірткілерге тәуелділік деген не?
• Есірткі тұтынуға күшті, тоқтатуға болмайтын құмарлық
• Есірткінің мөлшерін үнемі үстемелеудің қажеттілігі
• Есірткілер болмағанда психикалық және тәндік қолайсыздықтың пайда болуы
• Қоршаған өмірге қызығушылық төмендеуінің өршуі (ештеңемен әуестенбеу, мектеп, жанұя өміріне, достарға, құрдастарға қызықпау)
• Зиянды зардаптарын біле тұра, есірткі тұтынуды жалғастыру
• Тұтынатын есірткілердің мөлшерін және оны пайдалануға байланысты ахуалды бақылау қабылетін жоғалту
Есірткілерді бір-ақ рет пайдалану немен қауіпті?
• Есірткіледің бір рет дәмін татқаннан кейін, тағы да тұтынуға құмарлық пайда болуымен
• Психикалық тәуелділіктің даму мүмкіндігімен
• Есірткілерді мөлшерден артық тұтынумен
• Есірткілік заттарға аллергиялық реакциялардың дамуымен
• Есірткіні қан тамыры арқылы тұтынғанда, ЖҚТБ жұқтырудың нақты мүмкіндігімен
• Есірткіге әуестік бүкіл өмір бойына сақталу мүмкіндігімен
• Нашақорлықты емдеу ауру адамның және туған-туыстарының зор күш-жігерін,
медицина қызметкерлерінің биік кәсіби дәрежесін, көп қаражат шығындарын қажет ететін ұзақ, күрделі, көп сатылы процесс. Бірлі-жарымды адамдар ғана есірткіге тәуелділікті жеңе алады, яғни дерттен айығады.
• Есірткілік заттарға әуестену бір ғана тәсілмен - есірткіні ешқашан, бір ретте татпау арқылы құтылуға болатын қатерлі, қалыпқа келтірілмейтін қауіп.
Нашақорлықтың себептері
Балалар мен жасөспірімдердің девианттық тәртіп формалары тәрізді нашақорлықтың негізгі себептерінің арасында бірінші орындардың бірі отбасындағы келеңсіз көріністер, ата-аналардың спирттік ішімдіктерге немесе нашақорлыққа салынуы, өмір сүру деңгейінің төмендігі, жанұя мүшелері арасында көтеріңкі көңіл-күй қатынастарының болмауы, жанұяда әкенің немесе шешенің болмауы, психоактивті заттарға оңай қол жеткізу, жасөспірімдердің бос уақытын өткізу мен қолы бос болмауының нақты бағдарламасының жоқтығы сияқты әлеуміттік факторлар үлесінде. Жиі жағдайларда есірткілер қоғамдық орындарда: мектептерде, дискотекаларда, кафелерде, көшелерде, саябақтарда, есірткілерді таратушылар мен сатушылардың пәтерлерінде алынады.
Кез келген есірткілерді қолданудың белгілері:
•терісінің ағаруы;
• ұйқысының бұзылуы (мүлдем ұйықтамау немесе тым ұзақ ұйықтау)
• тәбеттің бұзылуы (тәбеттің болмауы немесе үйге оралған соң, оның кенет көтерілуі, шамадан артық шөлдеу)
• сөйлеу мәнерінің өзгеруі («шұбатылған» баяу сөз)
• көздің қарашығы көлемінің өзгеруі (көз қарашығының кенеттен үлкеюі немесе түйреуіш басының көлеміндей тарылуы)
• баланың терісінен және киімдерінен өзгеше иістің шығуы
• қозғалу координациясының бұзылуы.
Бала тәртібінде келесі өзгерістер байқалады:
• жан жағындағы оқиғаларға бейтараптық;
• үйде болмау, мектептегі сабақтарға бармау, оқу үлгерімінің төмендеуі;
• есте сақтау қабылетінің төмендеуі;
• сынағанды көтере алмау;
• себепсіз кенеттен баланың көңіл-күйінің ауытқулары;
• ақша сұрау, ақшаның жоқтығына көнбеу;
• үйден бағалы заттар, киім мен ақшаның жоғалуы;
• белгісіз адамдармен жиі телефон арқылы сөйлесу;
Нашақорлықпен күресу жолдары
Есірткіге қарсы күрес бөлімдерінде қызметкерлердің санын көбейту қажет, өйткені саусақпен санарлық топқа есірткі бизнесі дес береді деуге сену қиын.
Есірткіні анықтап, ұстап тауып алатын құрал-саймандар, техникалармен есірткіге қарсы күрес топтарының толық қамтамасыз етілуі керек.
Есірткінің зардабы және асқынуы
Нашақорлардың есірткіден улануынан оның бүкіл психикасы өзгереді. Біріншіден, жүйке жүйесін бірден уландырады, елітіп, еліртіп жібереді, ақылмен істейтін жұмыстардан бас тартатын болады, өмірге қажетті барлық жұмысты орындауға ынтасы, белсенділігі пәс болып тұрады, енжар өмір кешеді. Есірткі адам психикасына өте қатерлі. Ол ойламаған қылмыстарға итермелейді, нашақор ашуланшақ, шамшыл келеді.
Осы кезде тағы да түрлі елестер пайда болады, яғни, ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі, алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді демек адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, бос күлетін болады. Зейін алаңдаушылығы көбейіп, қимылы тежеледі.
.
Сөйледі:
Мектеп директоры Б.Абдилдаева

Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.
Күг тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қаулы етілді:
1. Оқушылар арасындағы түсінік жұмыстары үнемі жандандырылсын.

Жиналыс төрайымы Б.Абдилдаева
Хатшы Г.Бекдаулетова
«Х.Көбіков аом МДШО» КММ жасөспірімдер мен оқушылар арасындағы құықбұзушылықтың алдын алу туралы
№ Хаттамасы
11 ақпан Сарыбел ауылы
Қатысқандар:
Мектеп директоры: Б.Абдилдаева
Мектеп инспекторы : Т.Таджиков
ДТІЖО : Г.Бекдаулетова
ПП : С.Ахметова
ӘП: Е.Ибраимов
Мектеп оқушылары

Күн тәртібінде :

1.Жасөспірімдер арасындағы құқыбұзушылықтың алдын алу

ДТІЖО Г.Бекдаулетова баяндам оқып, Мектеп инспекторы Т.Таджиков оқушыларға құқық бұзушылыұтың алдын алуға байланысты және құқық бұзылған жағдайда қолданылатын ҚР заңдары мен баптары туралы таныстырып, оқкшыларға кең көлемде түсінік жұмыстарын жүргізді.Ол өз сөзінде:
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан даму, өркендеу процесі берік орын алды. Елімізде жылма-жыл алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс беруде. Тәуелсіздік алғаннан бері көптеген реформалар жүзеге асты. Мемлекетімізде екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды.
Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік орнады. Осы аз уақыт ішінде Қазақстан Республикасында көптеген кодекстер – қылмыстық, қылмыстық атқару, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, әкімшілік және т.б. қабылданды. Осындай заңдылық нормалардың қабылдануы құқық бұзушылықтың алдын алуға және қылмысты құбылыстармен пәрменді күрес жүргізуге құқықтық негіз жасап берді.
Мемлекетімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстар да бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі – жасөспірімдер, кәмелеттік жасы болып табылады. Қылмыстық көрсеткіші де жылма-жыл өсуде.
Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтың табалдырығын тәуелсіз ел ретінде аттап, құқықтық-демократиялық мемлекет негізін қалыптастыруға кірісе бастаған кезде оның жан-жақты проблемаларын оқып үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып, оған үлкен мән берілуде.
Әсіресе мұндай қажеттілік қазіргі таңда жастар проблемасын мұқият зерттеп, жаңа көзқарастармен өзгертіп, қайта қарау заңды кұбылысқа айналуда. Жаңа ғасырдағы Қазақстан жастарының қал-жағдайына және дамуына кейде жағымды, ал кейде теріс ықпал етуде, яғни жастар проблемасы бүгінгі таңда бірқатар теріс факторлардың әсерінен асқынып отырғаны баршаға белгілі.
Бүгінгі таңдағы білім алудағы қиындықтар, жастар ұйымының қызметін үйлестіретін бірегей орталықтың жоқтығы, жасөспірімдердің бос уақытының шамадан тыс молдығы, олардың арасында бақылаусыздық пен қараусыздықтың болуы, тағы басқа осы сияқты жағдайлар кәмелетке толмағандар қылмыстарының күрт өсуіне негіз болып отыр
Әрине, қай қылмыстың алдын-алуда әуелі жалпы тәрбие, оның ішінде құқықтық тәрбие негізгі құрал болып есептеледі. Сондықтан да ҚР Президентінің 1995 жылдың маусымының 14 жұлдызында шыққан, «жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» қаулысының негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дәрежесінде жеткілікті құқықтық тәрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс. Өйткені, құқықтық тәрбие жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптар құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың өздерін дұрыс ұстап, әсіресе кәмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстық әрекеттерінің алдын алуға мүмкіндік туғызады.
Сөйледі : Мектеп директоры Б.Абдилдаева
Құрметті оқушылар!
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы болып табылатындығында.
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер дәл қазіргі таңда белең алуда.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда мемлекеттік өкімет және басқару органдарының қызметін одан әрі жетілдіруді, елімізде құқықтық мемлекет құру ісінде сапалы заңдарды қабылдауды өрістету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мемлекеттік билік органдарын әділеттілік, заңдылық, жариялылық, ізгілік принциптерін басшылыққа алған мінсіз қызметі өте қажет.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қаулы етілді:
1. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға байланысты шаралар жыл бойы жандандырылсын, түнгі рейд жұмыстары күшейтілсін.