Психолог бұрышы » Страница 4 » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Поэзия падишасы
18
февраль
2020
Поэзия падишасы
 Х.Көбіков атындағы орта мектепте  педагог-ұйымдастырушы Ғалия Құрманжанқызының ұйымдастыруымен ақиық ақын, М.Мақатаевқа арналған "Поэзия падишасы" атты кеш өткізілді. Кешке  мектебіміздегі "Жас оқырман"," Жас талант" атты үйірменің оқушылары белсене қатысты. Ақын өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Тіпті, мектеп жанындағы "БӨБЕК" шағын орталығының тәрбиеленушісі Әліби Айдынұлының өлең оқығаны ерекше күй сыйлады. Мектеп басшысы Бағдат Қожақанқызы оқушыларға алғысын айтты. 
Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толды.
17
февраль
2020
Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толды.
 Х.Көбіков атындағы орта мектепте Ауған соғысының аяқталуына 31 жыл толуына орай, 6 а сынып жетекшісі Ұ.Досайдың жетекшілігімен "Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз Б.Дәркенбаев, С.Бейсенбиев, Д.Иманбеков ағаларымыз естеліктерін айтып, сыр шертті. Оқушылар қонақтарға арнап, ән айтты, би биледі. 
Ұлы Абай 175
12
февраль
2020
Ұлы Абай 175
Ұлы ақын, дана Абайдың 175 жылдығына орай , Х.Көбіков орта мектебінде педагог-ұйымдастырушы Ғ.Абдрахманованың жетекшілігімен "Аай әлемі" атты дөңгелек үстел өткізілді. 8 сынып оқушылары Ұлы Абайдың еңбектеріне шолу жасап, шығармаларына талдау жасады. Залдағы көрермендер де белсене қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқыды. 
Х.Көбіков атындағы орта мектепте 2019-2020 оқу жылында 17 ақысыз үйірме бекітілген.
21
январь
2020
Х.Көбіков атындағы орта мектепте 2019-2020 оқу жылында 17 ақысыз
Мектебімізде 17 ақысыз үйірме жұмыс жасайды. Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ағылшын тілінен "Little Stars" үйірмесінде "Мен бәрін білемін" We know every thing" атты интелектуалды ойын өткізілді. 5 а сыныбы өте жақсы қатысты.
Назад 1 2 3 4 Вперед