Оқушыларға кеңес » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
март
2022

Оқушыларға кеңес

Емтихан қарсаңында ұсынылатын психологиялық кеңестер
Аффирмация

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).

Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.
Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.
Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.



Стресс қорқынышты тудырады, ал қорқыныш стрессті тудырады. Тұйықталған шеңберді, емтиханды тапсырып болғаннан кейін үзуге болады.

Оқушылардың өмірінде, ең маңызды емтихан қарсаңында – қорқынышты қалай жеңуге болатыны туралы бірнеше ережені ұсынамыз.

Өзіңе қорықпауға тыйым сал!

Өз ойыңызды жақсы бағытта бағыттап көріңіз және өзіңізге қайталаңыз: «Мен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, мақсатты түрде жұмыс жасадым, барлық күш-жігеріммен айналыстым, барлық материалдарды білемін және өзіме жеткілікті жақсы білемін».

Тыныс алу жаттығуларын жасаңыз!

Бұл стресс пен дүрбелеңді жеңудің ең жылдам, жеңіл және тиімді әдісі. Көзіңізді жұмып, баяу және терең дем алыңыз.

Аутотренинг – тиімді техника: ми осындай командаларға толықтай бағынады.

Емтиханнан сүріну туралы ешқашан ойламауды үйрен!