Жауқазын ғұмыр » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2023

Жауқазын ғұмыр

Панфилов ауданы Х.Көбіков аом-те 60 жылдық мерейтойына орай, ақын Ж.Бегімбетов туралы танымдық сабақ өтті. Негізгі мақсаты: Жерлесіміз ,жауқазын ғұмыр ақын туралы деректермен бөлісу. 

Жандарбек тек айтысқа ғана емес, жаз­ба поэзияға да еркін араласа бастаған болатын, әндерінің сөзін өзі жазатын, өзге­лерге жазғызған күнде де өз көңіліне қонатындай етіп өзгертіп алатын. Өлеңнің кездейсоқ сөздердің жеңіл ұйқасы түрінде емес, мейлінше шымыр болғанын, тың теңеу­лерге құрылғанын қалайтын. Оның бұл қасиеті айтыс үстінде де көрінбей қалған жоқ. Мысалы:
Ақынбыз төрге өтпеген есіктегі,
Дегенмен шет қалдырмас несіп мені.
Айдардан шабытымның есіп желі,
Сәбидей тербетіп жүр бесіктегі, – 
немесе:
Ақын боп жылқы жылы шыға келдім,
Әнім – бал, жырым –
                                  кәусар, бұлақ едім.

Ілияс жырлап өткен Жетісуды,
Бүгін мен дүбірлеткен Құлагермін,
– деп сөз саптауы бұған дәлел. Жандарбектің суырып салып айтудағы осы талабы, осы талпынысы – бүгінгі жас айтыскерлерге үлгі етуге тұрарлық қасиет. Сол сияқты, сахнадағы қарсыласына құрметпеу қарау, жағасына жармаспай, керісінше бағасын асырып, қадірлеу, аялау да – Жандарбектің айтыстағы өзінше бір қыры, артықшылығы еді. Мысалы, Жандарбектің даңқы шыққан сол наурыз айтысында танымал айтыскер Әзімбек Жанқұлиев, неге екені белгісіз, көрерменнің күткен биігінен көріне алмады. Сонда Жандарбек:
Тұлпарды өздеріңдей суыту керек,
Бәйгеге күнде салып зорықтырмай.
Айтыстың сәні-дағы кетеді ғой,
Арасын жаңалатып толықтырмай,
– деп бір ауыз сөзбен-ақ көп жайтты аңғарт­ты. Сол сияқты, саңлақ ақын Қатимолла Бер­діғалиевпен сөз сайыстырғанда да:
Бастама айтысымның жол басы бар,
Ақынның Қызыр ие – жолдасы бар.
Кестіңіз тұсауымды ел алдында,
Менен де өзіңіздей жорға шығар,
– деп ізет білдірсе, Нұрлан Әбдібековпен айтысында да:
Ұстайық қолымызға дұрыс тізгін,
Ашылар сонда ғана тыныс біздің.
Үркердей үміт күткен еліміз бар,
Тайындай тебіспеймін ырыссыздың
,
– деп әдемі ой түйеді. Міне, тап осы «Тайын­дай тебіспеймін ырыссыздың» деген тұжырым Жандарбектің айтыстағы бүкіл қарсыласына қатысты берік ұстанымы болды десек, қателеспейміз.
Жандарбектің жеке-дара сөз етуді қажет ететін бір қасиеті – оның сазгерлігі. Деген­мен «Жан әке», «Анашым», «Ұста­зыма», «Қолшатырдың астында», «Жалғыз аққу», «Ғашығыма», «Тереңнен терген мар­­жаным» секілді басқа да бірқатар әндерінің бар екендігіне қарамастан, оның бұл қыры көп елене де, ескеріле де бер­мейді. Ал шын негізінде, иірімі өзгеше, ән-әуені терең, күрделі және сонысымен дара болып келетін Жандарбек әндері кәсіби әншілерге де мәлім. Мәселен, Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы «Міне, енді жазым өтіп күзім қалды, Аққуым айды­нында жүзіп алды. Сен неге сыңарыңнан ерте айырылдың, Мен неге қызығымды үзіп алдым?» деп келетін «Жалғыз аққу» мен Жанар Айжанованың репер­туа­рын­дағы «Сезесің бе жүрегімнің дүрсілін, Бұл­қы­нады жеткізе алмай бір сырын. Қай­та­лаған жаңғырығы секілді, Тыңдап көрші тамшылардың тырсылын» деген назды да сазды «Қолшатырдың астында» әні тың­дар­ман жүрегіне жол тапқалы қашан! Сөйте тұра, «Жалғыз аққудың» авторы Жан­дарбек екені тіпті айтылмайды да. Сондықтан Жандарбектің ауыл арасында, кішігірім орталарда ғана айтылып жүрген әндерін таспаға жазғызу, өз дәрежесінде шығара алатын әншілерге табыстап, халық­қа жеткізу жағын ойластырған жөн бо­лар еді.

Похожие публикации:

09 февраль 2023 Мәңгілік ғұмыр
09 март 2022 Поэзия
12 февраль 2020 Ұлы Абай 175