Оқу-тәрбиелік жұмыс » Страница 6 » Көбіков мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы бойынша білім бөлімінің
"Х.Көбіков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Нашақорлықпен күрес
22
ноябрь
2022
Нашақорлықпен күрес
2022- жылдың қараша айында мектептің медициналық қызметкері А.Қожа және «Намыс» ұлдар ұйымының жетекшісі Есенов Ербосын, ДТІЖО-Л.Уразбекова  «Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Жиналыста педагог-психолог-С.Ахметова оқушылармен қалыпты орта қалыптастыру үшін психологиялық жаттығулар жасатты.  Мектептің медициналық қызметкері А.Қожа тақырыпқа орай слайдтар көрсетіп, есірткінің адам ағзасына зияны туралы түсінік жұмысын жүргізді. Нәтижесінде
«Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым»
21
ноябрь
2022
«Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым»
2022 жылдың 21 қараша күні 7 «А» сынып жетекшісі Досай Гулмира «Мемлекеттік рәміздер-менің мақтанышым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы ақпараты нақты айтты, сахна безендірілуі, киімдері  талапқа сай болды. Оқушылар өз Отанының рәміздері туралы айтқанда белсенділік танытты. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
Мектеп парламенті
11
ноябрь
2022
Мектеп парламенті
 «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі жоспарына сәйкес 11 қараша   күні ұйымдастырушы педагог-Ғ.Абдрахманованың ұйымдастыруымен «Өмір ағашы-менің шежіремнің тарихы» тақырыбында   мектеп парламенті жастары арасында дөңгелек үстел өткізді.
Күзгі демалыс
07
ноябрь
2022
Күзгі демалыс
«Қазақстан балалары – күзгі интерактив!» күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы іс-шара жоспарына сәйкес мектеп парламентінің жастары «Би әлемінде»атты сайыс өткізді. Сайыста ең жоғары ұпай 9 «а» сыныбы, 7 «а» сыныбы, 10 сыныптар алды.  Би еркін тақырыпта болды.   Жоспарға сәйкес , «Ғасыр дерті» атты танымдық сағат өткізілді. Оқушыларға денсаулықтың қадірі мен жеке гигиена туралы түсінік берілді. «Қайырымдылық және еріктілер» фракциясы
Қамқорлық фракциясы
05
октябрь
2022
Қамқорлық фракциясы
Жетісу облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-те мектеп парламентінің жанынан құрылған "Қолғанат" ақысыз үйірмесі жұмыс істейді. Қайырымдылық және еріктілік фракциясының мүшелері, жетекшісі С.Болатаеваның ұйымдастыруымен Сарыбел ауылындағы мешіт пен оның айналасын тазартуға жәрдемдесті. #ЖетісуОблысыМектепПарламенты #РУМЦДО #қайырымдылықфракциясы @sherraisa @rumcdo_official @zhetysu_bilim_baskarmasy @obl_zhetysu_centr
Мен сені сүйем,өмір!
05
октябрь
2022
Мен сені сүйем,өмір!
Жетісу облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-те аудандық  "Мен өмірді сүйемін" атты акцияға орай, ПҰ Ғ.Құрманжанқызының жетекшілігімен, мектеп парламентінің жастары өз үндерін қосып, ақ параққа өз ойларын жазды. #ЖетісуОблысыМектепПарламенты #РУМЦДО #ӨзінөзіБасқару #менөмірдісүйемінакция @sherraisa @rumcdo_official @zhetysu_bilim_baskarmasy @obl_zhetysu_centr
дублер күні
30
сентябрь
2022
дублер күні
Жетісу облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-те , Ұстаздар күні мерекесіне орай, "Дублер күні" өткізілді. Мектеп директоры Бағдат Қожақанқызының басшылығымен, бастамашыл топ құрылып, әр пәнге оқушылар бекітілді. Тақырыпқа сай жоспарлар бекітіліп,жұмыс барысы нақтыланды. Негізгі мақсаты: Оқушы жастардың өзін-өзі басқару қабілеттерін арттыру, мектеп парламентінің жұмысын жандандыру, педагог мәртебесін көтеру. #ЖетісуОблысыМектепПарламенты #РУМЦДО #ӨзінөзіБасқару #ДублёрКүні @sherraisa
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
19
сентябрь
2022
ҰЛТ ҰСТАЗЫ
Жетісу облысы Панфилов ауданы Көбіков аом-те "Тіл мәртебесі - ел мерейі" атты онкүндік жоспарына сәйкес және А.Байтұрсынрвтың 150 жылдығына орай,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Бекдаулетованың жетекшілігімен, 6 сыныптар арасында, "Ұлт ұстазы" атты сынып сағатын өткізді. Сынып сағатында қайраткер, тілші, ғалым туралы деректер айтылды. #Байтұрсынұлы150жыл #Адалдықсағаты #